×

Шетке заңсыз кеткен ақшаның қаншасы елге қайтарылғаны белгілі болды

Бұл туралы қаржы министрі мәлімдеді

Шетке заңсыз кеткен ақшаның қаншасы елге қайтарылғаны белгілі болды
ernur.kz

Осы күнге дейін шетке заңсыз кеткен 670 млрд. теңге қайтарылған. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Transparency Kazakhstan қорының сарапшылары елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару процесінде ашықтық жоқ деп мәлімдеген болатын. Қаржы министрі қордың бұл тұжырымдамасымен келіспейді.

“Ақпаратты бізге Бас прокуратура беріп отырады. Қателеспесем, қазіргі күнге дейін 670 млрд теңге қайтарылған”, – деді министр.

Сондай-ақ "Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы" заң жобасы 31 наурызға дейін парламентке енгізілуге тиіс болған, алайда әлі күнге дейін түспеген.

“Заңға келетін болсақ, заң жобасы әзірленуде. Бизнес өкілдерімен талқыланып жатыр. Негізгі әзірлеуші – Әділет министрлігі”, – деді Жамаубаев.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті
Кеше, 20:07

«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті

Алдағы уақытта барлық ұсыныстар мен бастамаларрды іске асыру тетіктері белгіленді
Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады
Заңда жасанды интеллект жүйелерінің қызметін реттейтін негізгі қағидаттар бекітілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →