×

Әкімдеріміз креслосына жабысып алған – депутат

Депутат Тоқаевтың «Әкімдер өз қалаларында жаяу жүруі керек» деген бастамасын қолдайтынын айтты

Әкімдеріміз креслосына жабысып алған – депутат
pro-dachnikov.com

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдер өз қалаларында жаяу жүруі керек» деген бастамасын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Әкімдер кабинеттерін жаяу жүру керек. Өкінішке қарай, әкімдеріміз креслоларына жабысып алған. Төңіректеріңде не болып жатқанынан бейхабар. Білмейді. Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау және т.б үлкен қалаларда заңсыз құрлыс нысандары көбейген. Саябақтар, тау бөктерлерінде құрылыс көбейген. Оның ішінде заңдысы, заңсызы да бар. Халық ойбайлап, митингке шығып жүр. Бірақ еститін әкімді көрмейсің. Содан билікке де күмән қалыптасып отыр. Биліктің бір тармағы – жергілікті басқару, яғни әкімдер. Олар енді креслоларын тастап, халықпен кездесуге шығуы тиіс”, -дейді Бақытжан Базарбек.

Ол әкімшіліктегі сыбайлас жемқорлық белең алып кеткен деп отыр. Заңсыз құрылысқа рұқсатнамалар беру жиілеп кеткенін айтты. 

“Сыбайлас жемқорлықтың белең алуының нәтижесінде халықтың билікке деген сенімі жоқ. Бәрі бір-бірімен байланысты дүние. Егер де аудан-ауылдық округ, қала әкімі халықпен араласса, халықтың мұн-мұқтажын білсе, президент мұны жоғары деңгейде айтпас еді”, - дейді депутат.

Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте әкімдер өз қалалары, елдімекендерінде жаяу жүруі тиіс деген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →