×

Алматыда заңсыз салынған үш тұрғын үй кешені анықталды

Оларда құжаттардың толық пакеті жоқ

Алматыда заңсыз салынған үш тұрғын үй кешені анықталды
informburo.kz

Алматыда заңсыз салынған үш тұрғын үй кешені анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау департаменті мәліметінше, мына тұрғын үй кешендерінде құрылысқа құжаттардың толық пакеті жоқ:

ORDA CITY тұрғын үй кешені (ТҮК)
Теректі шағынауданы, Айналмалы көшесі, 183 учаске
Тапсырыс беруші: Investment Stroy ЖШС.

"Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ, учаскені пайдалану мақсаты - ЖТҮҚ. Басқарма құрылыс салушыға ҚР ӘҚБтК-нің 316 бабы 1-бөлігі, 321-бабы бойынша шаралар қабылдап, құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарды, сонымен қатар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қазаншұңқырды бұзу және қайта толтыру туралы талап арыз жолдады", - делінген хабарламада.

Dostar Deluxe ТҮК
Мәдениет шағынауданы, 185/8
Тапсырыс беруші: ИП "Ашинов";

Эскиздік жобасы келісілмеген, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама жоқ. ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы бойынша шара қабылданғаны айтылды.

Verona ТҮК
Ремизовка шағынауданы, 7-жол 71 учаске
Тапсырыс беруші: 5 жеке тұлға

"Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ. Айта кету керек, бүгінде азаматтардың заңсыз тұрғын үй кешендерінен пәтер алу деректері тұрақты түрде анықталып жатыр. 3 қабатқа дейінгі тұрғын үйлер үшін үлескерлерден қаражат тартуға рұқсат талап етілмейтін қолданыстағы заңнаманы пайдаланып, жосықсыз құрылыс салушылар жылжымайтын мүлік сатып алушы адамдарды жаңылыстырады", - делінген хабарламада.

Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын, қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 сенім телефонына хабарласып, салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі құжаттардың толық пакетін тексеру ұсынылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Кеше, 17:28

Түркістан облысында биыл 7 медициналық ұйымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Техникалық қадағалаушы анықталған соң, жұмыс кестесі бекітіледі
Салынып жатқан үйлердің құрлысы тамыз айында аяқталады деп жоспарланған
Облыс аумағындағы дәрігерлерге деген тапшылықты жою мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →