×

Ішімдіктен бас тартқан Теріскейдегі екі ауылды білесіз бе

Терезесі тең Теңдік пен қаймағы бұзылмаған Қарағай

 

Ішімдіктен бас тартқан Теріскейдегі екі ауылды білесіз бе
fikiwiki.com

Солтүстік Қазақстан облысындағы қос ауыл ішімдіктен бас тартқан. Бірі – Тайынша ауданында орналасқан Теңдік ауылы болса, екіншісі – Есіл ауданының Қарағай ауылы, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Теңдік ауылында 2002 жылы мешіт салынған. Сол жылдан бастап жергілікті тұрғындар Орынбай қажының (ауыл ақсақалы) бастамасымен ішімдіктен бірауыздан бас тартқан. Айта кету керек, мұнда Моңғолиядан көшіп келген қандастармен қатар Оңтүстік өңірден Солтүстік аймаққа қоныс аударған отбасылар да бар. Ауыл әкімі Ержан Қасқұлақовтың сөзінше, адамдардың саналы түрде арақтан бас тартуына ең алдымен мешіт себеп болған.

“Қазіргі таңда ауылымызда 307 адам тұрады, 85 үй бар. Жергілікті кәсіпкер Ақан Әлжан ауылға, әкімшілікке, мектепке өзінің көмегін көрсетуде. Шеттен келген кісілерге үй беріп, жұмыспен қамтамасыз етуде. Бізде Моңғолиядан, Шымкенттен, Қызылордадан және тағы басқа жақтан көшіп келген азаматтар бар. Сондай-ақ көшіп келген отбасыларға бірінші жылы тегін отын (көмір, ағаш) беріледі. Сырттан келгендерге мұнда ешкім ішімдік ішпейтінін, алкоголь сатылмайтынын ескертеміз. Олар да осы ережені бірден қолдап, ауылымызға сіңісіп кетіп жатыр”, – деді ауыл әкімі.

Теңдік ауылының тағы бір ерекшелігі – мұнда соңғы жылдары ешқандай құқық бұзушылық пен қылмыс тіркелмеген. Мал ұрлығы мен тұрмыста орын алатын қылмыс та жоқ. Бұл – ересектердің иман жолына бет бұрып, жастардың спортпен шұғылданып, әкімдік пен учаскелік полицияның бірлескен жұмысының жемісі.

Тәрбие – тал бесіктен. Аға буынның оң әрекетінен үлгі алған мектеп оқушыларының арасында да тәртібі бойынша есепте тұрғандар жоқ. Барлығы дерлік спортпен шұғылданады. Мұнда уақытын текке өткізіп жүргендерді кездестіру қиын екен.

“Балаларымыз ұлттық спорт түрлеріне бейім. Тоғызқұмалақ, қазақ күресі, бес асық, асық ату ойындарынан облыстық сайыстардың жеңімпаздары бар. 2018 жылы мектеп жанынан демеушіміз (жеке кәсіпкер) қаражат бөліп, спорттық алаң салып берді. Ауылымызды Тайынша ауданындағы іргесі сөгілмеген елді мекендердің бірі деп атауға болады”, – деді Теңдік орта мектебінің директоры Сейтжан Шаймерденов.

Полиция аға лейтенанты Жамбыл Қайыров Теңдік ауылының учаскелік инспекторы болып 2021 жылы тағайындалған. 1996 жылы туған офицер – осы өңірдің тумасы. Бұрын жол-патрульдік полициясында қызмет атқарған. Енді ауыл азаматтарының игілігі үшін еңбек етуде.

“Ауылда қылмыс болмағанымен жұмыс жетерлік. Тұрғындармен үнемі әңгімелесіп, хәл-жағдайларын біліп тұрамын. Дүкендердің арақ-шарап сатуға рұқсатнамасы бар, бірақ мұны өздері қолдамайды. Өйткені сұраныс жоқ”, – деді учаскелік полиция инспекторы.

Ауыл тұрғындары учаскелік инспекторға дән риза. Айтуларынша, мұнда қылмыс болмаса да, тәртіп сақшысы олардың күнделікті өмірінде жиі көмектесіп тұрады.


Естеріңізге сала кетейік, жақсы ауылдардың бұл үрдісін көпшілікке үлгі ету мақсатында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов СҚО тұрғындарымен кездесуде Теңдік пен Қарағайдың әкімдерін шақырып, жұрт алдында марапаттаған болатын. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →