×

Мәскеуде қаза болған Томирис Байсафаның жақындары дарынды балалар мен жастарды қолдайтын қор ашты

Қор спорт, ғылым және өнер салалары бойынша талабы зор дарынды балаларды қолдайды

Мәскеуде қаза болған Томирис Байсафаның жақындары дарынды балалар мен жастарды қолдайтын қор ашты
tengrinews.kz

2018 жылы көктемде Мәскеуде қаза болған қазақстандық Томирис Байсафаның жақындары дарынды балалар мен жастарды қолдайтын қор ашты. Бұл туралы Томиристің анасы Жанна Ахметова бір күн бұрын Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, қор спорт, ғылым және өнер салалары бойынша талабы зор дарынды балаларды қолдайды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

"Бұл қор қазақстандықтардың жүрегінде имандылық, мейірім мен әділеттің символы ретінде мәңгі сақталатын қыз – Томирис Байсафаның рухына арналған. Қорлар мен қоғам қайраткерлерінің көбі көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар балаларға және әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарға көмектесетінін білеміз. Біз барлық ресурсты спортта, ғылымда және өнерде әлеуеті жоғары дарынды балаларды қолдауға бағыттауды жөн көрдік", –  деп жазылған қордың парақшасында.

Жанна Ахметова қызы Томирис бес жыл бұрын – 3 мамырда қайтыс болғанын еске салып, "біз жақындарымыздан айырылмаймыз. Бір-бірінің жүрегінде өмір сүретін адамдарды бір-бірінен өлім де, ештеңе де айыра алмайды. Томирис жүрегімізде өмір сүретінін білемін, қолдауларыңызды сезінемін" деп жазды.

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 21 жастағы студенті Томирис Байсафа 2018 жылғы көктемде оқу орнының төртінші қабатындағы терезеден құлап, 3 мамырда ауруханада көз жұмды. Сол кезде "өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, кейін іс "адам өлтіру" бабына ауыстырылды. Студенттердің бірі оны әлдекім терезеден итеріп жібергенін айтты. Куәгерлердің айтуынша, марқұм соққыға да жығылған.

Былтыр Мәскеу соты Томирис Байсафаның өлімі бойынша айыпталған Дағыстан үкіметі бұрынғы жетекшісінің ұлы Муртузали Меджидовті 13 жылға бостандығынан айырған. Оның алдында Меджидов ақталып шыққан. Кейін сот ақтау үкімінің күшін жойды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →