×

Сайран көлінің түбі 50 жылда алғаш рет тазартылып жатыр

Тағы екі көл тазартылып жатыр

Сайран көлінің түбі 50 жылда алғаш рет тазартылып жатыр
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда үш қалалық көлді тазарту жалғасып жатыр. Сайран, Қарасу және Әуежай көлдері осы жылдың наурыз айынан бастап қоқыс пен лайдан тазартылып жатыр. Көл түбін құрғату үшін Есентай, Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің ағысы тоқтатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нет описания фото.

“Сайран су қоймасының түбі соңғы 50 жылда алғаш рет механикалық тазартылуда. Арна мен жағалауды тазартуға 4 экскаватор мен 30 самосвал жұмылдырылған. Аумағы 60 га, жұмыс басталғалы 140 мың м3 қоқыс пен лай шығарылды. Тазалау жұмыстары жақын күндері аяқталады”, – делінген хабарламада.

Возможно, это изображение текст

Сонымен қатар, Үлкен Алматы өзенінің №1 тұндырғыштан Абай даңғылына дейінгі бөлігі, Есентай өзенінің жекелеген аумағы және Кіші Алматы өзенінің Әл-Фараби даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі аумақ санитарлық тазартудан өтеді.

Механикалық тазартудың негізгі мақсаты – биологиялық үдерістерді сақтау және су айдындарының экологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіру үшін жағдай жасау.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →