×

Қазақстанда кәсіби патронаттық отбасы институты құрылады

Балаларды патронаттық отбасына 3 айдан кәмелетке толғанға дейін беруге болады деп жоспарлануда

Қазақстанда кәсіби патронаттық отбасы институты құрылады
vogazeta.ru

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда кәсіби патронаттық отбасын құру жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды qaz365.kz  тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жоба жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйіне емес, бірден патронаттық отбасына беруге мүмкіндік береді. Бұл балалардың асырап алушы ата-аналарын тез тауып, үйде бейімделуі үшін қажет.

“Бұл жұмыс Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Президент атап өткендей, біз азаматтардың білімі, денсаулығы мен әл-ауқатына жауаптымыз. Бүгін елімізде бала асырап алудан бөлек, балаларды отбасына орналастырудың қорғаншылық, қамқоршылық, патронаттық тәрбие, патронаттық отбасы сияқты түрлері бар.

Алайда балалар үйлерінде ауыр аурулары бар және дамуында артта қалған балалар қалады. Бұл балалардың отбасында тәрбие алу мүмкіндігіне ие болуы үшін денсаулық жағдайына қарамастан барлық баланы қабылдауға дайын кәсіби патронаттық отбасылар институты құрылады. Қазір Оқу-ағарту министрлігі кәсіби патронаттық отбасыларды заңнамалық тұрғыдан бекіту жұмысымен айналысып жатыр”, –  деп айтты Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Кәсіби патронаттық тәрбиешілерге қойылатын талаптарды, психологиялық дайындық бағдарламасын, әлеуметтік кепілдіктер мен төлемдер тізбесін әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Балаларды кәсіби патронаттық отбасына 3 айға дейін қысқа мерзімге және 3 айдан кәмелетке толғанға дейін ұзақ мерзімге беруге болады деп жоспарланып отыр. Балаларды тәрбиелеуге беру келісім негізінде жүзеге асырылады. Асырап алушы ата-аналар балаларының санына және олардың отбасында болу мерзіміне байланысты өз еңбегі үшін ақы алатын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Журналист Динара Сәтжанның ағасы қайтыс болды
Бүгін, 12:22

Журналист Динара Сәтжанның ағасы қайтыс болды

Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр
АҚШ басылымы сотта көрсетілген жантүршігерлік кадрларды сипаттаған
Су тасқыны жағдайы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында
Туристер қауіпсіздігі қалай сақталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →