×

Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режимге қол қойды

Екі жақты визасыз режимді енгізу жоспары сәуір айында белгілі болды

Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режимге қол қойды
Telegram / Aqorda

Қазақстан мен Қытай үкіметі өзара визасыз режим енгізу келісіміне қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз барысында 23 құжатқа қол қойылды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім де бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы баспасөз қызметі хабарлады.

Екі жақты визасыз режимді енгізу жоспары сәуір айында белгілі болды. Құжатқа сәйкес қазақстандықтар үшін жарамды жол жүру құжаттары:

Қазақстандықтар үшін жарамды жол жүру құжаттары:

  • ҚР азаматтының төлқұжаты;
  • ҚР аумағына қайту туралы куәлік.

Қытай азаматтары үшін:

  • ҚХР азаматының жартылай қызметтік төлқұжаты;
  • ҚХР азаматының төлқұжаты;
  • уақытша жол жүру құжаты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →