×

Шығыс Қазақстанда 300-ден астам баланы кене шақты

ШҚО республикада кене энцефалитін жұқтыру қаупінің «жоғары» аймағына жатады

Шығыс Қазақстанда 300-ден астам баланы кене шақты
Ашық дереккөздерден

Шығыс Қазақстан облысында биыл 300-ден астам баланы кене шақты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дерекке сүйенсек, өңірде сәуір айында кене таралу маусымы басталған. Сол уақыттан бастап осы күнге дейін барлығы 1057 адам кенеден зардап шегіп отыр. Оның ішінде 327-і - 14 жасқа дейінгі балалар.

«1016 адам профилактикалық мақсатта кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин алды. Қалғандары ауруханаға кеш жүгіну, медициналық қарсы көрсетілімдер сынды себептерге байланысты екпе алған жоқ. Сондай-ақ Өскемен қаласында кене энцефалиті вирусына шалдығудың бір жағдайы тіркелді. Науқас қазір ауруханада жатыр», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы республикада кене энцефалитін жұқтыру қаупінің «жоғары» аймағына жатады. Өңірдегі Глубокое, Алтай, Зайсан, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха, Самар аудандарында және Риддер, Өскемен қалаларында кене энцефалитінің ошағы көп.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады
Бүгін, 11:07

Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады

Қарағұсова бұл миссияның оның өміріндегі ерекше маңызын атап өтті.
Елімізде жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні аталып өтеді
Зерттеу нәтижесі жастардың ел дамуына қосар үлесін айқындады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →