×

Автокөлік тарихын тексеретін сервис пайда болды

Оған жол апатына түсіп-түспегенін анықтауға болатын деректер базасын қосу жоспарланып отыр

Автокөлік тарихын тексеретін сервис пайда болды
polisia.kz

"Автокөлік тарихы" сервисі іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан аса көлік құралын тексерді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын оны тексеру керек екенін ескертеді. Бұған немқұрайды қарауға болмайды, өйткені ол көптеген проблемадан сақтайды, сондай-ақ автокөліктің болашақ иесіне қосымша ақпарат береді.

Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады. Ішкі істер министрлігі іске қосқан "автокөлік тарихы" қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:

  • автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күнін;
  • бұрынғы иелерінің санын;
  • кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын, сонымен қатар басқа да мәліметтерді көре алады.

Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис "102" және Halyk Bank, Bereke Bank, CenterCredit, ForteBank мобильді қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында қолжетімді.

ІІМ "автокөлік тарихына" "бірыңғай сақтандыру деректер базасын" қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті
Кеше, 20:07

«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті

Алдағы уақытта барлық ұсыныстар мен бастамаларрды іске асыру тетіктері белгіленді
Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады
Заңда жасанды интеллект жүйелерінің қызметін реттейтін негізгі қағидаттар бекітілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →