×

Үлкен Алматы айналма жолы қашан пайдалануға беріледі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілі айтты

Үлкен Алматы айналма жолы қашан пайдалануға беріледі
gov.kz

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын 2023 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілі айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтиярдың айтуынша, биыл екінші жартыжылдықта Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) пайдалануға беру жоспарланған. Ұзындығы 66 шақырымға созылған үш жолақты I-А санатты жол, қарама-қарсы бағытта да солай қарастырылған. Жалпы саны алты жолақ болатын ақылы автомобиль трассасында сағатына 120 шақырыммен жүруге рұқсат етілген.

"ҮАААЖ-да ақы алудың ашық жүйесі қарастырылған. Яғни, бұл жүйе айналма жолда шығар кезде және кіреберісінде шлагбаум қоюды қажет етпейді ", - деді Жамбыл Бақтияр.

Айта кетейік, Үлкен Алматы айналма автомобиль жобасы концессия механизміне сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Бұл дегеніміз, бір тарап екінші тарапқа нысандарды пайдалану немесе салу құқығын беретін келісім. Концессия әдетте мемлекеттер мен компаниялар арасында жасалады және белгілі бір шарттар мен мерзімдерге ие. Концессионер - "ҮАААЖ Инвестициялар және операциялар" ЖШС, оның құрылтайшылары "Алсим Аларко-Макйол – СК Экоплант – Корея Экспрессвэй" түрік – корей консорциумы болып табылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанадағы Sensata Бишімбаев пен серіктестерінің құрылыс компаниясы болып шықты
Бүгін, 16:01

Астанадағы Sensata Бишімбаев пен серіктестерінің құрылыс компаниясы болып шықты

Sensata – премиум, бизнес және жайлы санатта Астанада тұрғын үй салатын ірі компанияның бірі
Жалпы елде 16 есірткі зертханасы анықталды
Елдегі патриоттық ұстанымның негізі мен құрылымы қандай
Сот отырсында марқұмның ағасы қарындасының зорлық-зомбылық көрген сәтінің суретін көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →