×

Алматыда Кеңес заманын аңсаған ақсақал шағын ауданның ескі атауын қайтаруды сұрады

Зейнеткердің ұсынысына залдағы кейбір алматылық қол соғып қолдау көрсетті

Алматыда Кеңес заманын аңсаған ақсақал шағын ауданның ескі атауын қайтаруды сұрады
Коллаж: Qaz365.kz

Жетісу ауданының тұрғыны Алматы әкімі Ерболат Досаевтан «Көкмайса» шағын ауданының бұрынғы атауы «Дорожникті» қайтаруды сұрады, еп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақсақалдың айтуынша, бұл жердің кеңестік атауы бір кездері бүкіл КСРО-ға тараған.

«Сіз арқылы аудан әкіміне сұрақ қойғым келеді. Сіз Жетісу ауданының әкімісіз бе, әлде Жетісу ауданының қожайынысыз ба? «Дорожник» шағын ауданының атауын қандай негізде «Көкмайсаға» өзгерттіңіздер, Көкмайсаға қатысы қанша?» - деді ақсақал. 

Алматы тұрғыны өз сөзінде Кеңес заманында шағын ауданның қандай болғанын еске түсіріп, Гончаров пен Брежневті есіне алды.

Зейнеткердің ұсынысына залдағы кейбір алматылық қол соғып қолдау көрсетті. Алайда әкім бұл идеяны қолдамады.

«Шапалаққа қарап базбіреулердің Кеңес Одағын қатты аңсайтынын түсіндім, ақсақалдың бұл ұсынысы ұнайтын сияқты ғой. Бірақ мен мұнымен келіспеймін. Жаман ба, жақсы ма, бір-бірімізді құрметтейік. Мен кімнің белсенді түрде қол соққанын көрдім», - деді Досаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Инновацияға 10 млрд теңгеге дейін: Алматы ғылым мен технологияға басымдық береді
Бүгін, 17:07

Инновацияға 10 млрд теңгеге дейін: Алматы ғылым мен технологияға басымдық береді

Соңғы үш жылда ҒЗТКЖ шығындары екі еседен астам өсті
Кейбір ата-аналар балаларын еш жерге тіркемейді немесе арнайы ем алу мүмкіндігіне ие емес
Масабаев құрылыс жұмыстары заң аясында аяқталуы тиіс екенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →