×

Тоқаев Алаш қайраткерлерінің жеке құжаттарымен танысты

Ол ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жұмысымен танысты

Тоқаев Алаш қайраткерлерінің жеке құжаттарымен танысты
Telegram/ Aqorda

Президент ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығында Алаш қайраткерлерінің жеке құжаттарымен танысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықта құжаттарды сақтау шартымен, мұрағат құжаттарын қалпына келтіру және микрофильмдеу кабинеттерінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар Мемлекет басшысына өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты материалдар бойынша жүргізілген жұмыстардың экспозициясы көрсетілді. Мемлекет басшысы тарихымызды зерделеу ісінде Орталықтың жұмысы маңызды екенін атап өтіп, ұжымға сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, Президенттің Жарлығымен 2020 жылдың қараша айында ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды. Мемлекеттік комиссияның жұмысына қолдау көрсету мақсатында 2021 жылы ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты материалдар Орталыққа ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратураның арнаулы мұрағаттарынан беріледі Орталық таяу уақытта барлығы 715 мыңға жуық істі қабылдап алады деп жоспарланып отыр. Мұнда құжаттарды құпиясыздандыру, қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады. Оларды зерттеу және ғылыми айналымға енгізу үшін тиісті жағдай жасалған. Қазіргі уақытта тарихшы-ғалымдар мен орталық қызметкерлері «Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты көптомдықты баспаға дайындап жатыр. Бұл басылым ХХ ғасырдағы Қазақстанның саяси тарихының ғылыми көкжиегін кеңейтеді. Орталықтың қорында 1 миллион 132 мың іс сақталған.

ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жетекшісі Гүлшат Нұрымбетова жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары туралы айтты.

Сондай-ақ Президент Алаш қайраткерлерінің жеке құжаттарымен танысты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1 маусымда Charity Samruk Marathon 2024 қайырымдылық марафоны өтеді
Бүгін, 14:33

1 маусымда Charity Samruk Marathon 2024 қайырымдылық марафоны өтеді

Жиналған барлық қаражат әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →