Айтуынша, бұл елдерге тәжірибелі саяхатшылар ғана келуі керек
Жер шарын аралап шыққан блогер саяхаттауға болмайтын 10 елді атады. Айтуынша, бұл елдерге тәжірибелі саяхатшылар ғана келуі керек, деп хабарлайды Qaz365.kz.
25 жастағы Экси Элфорд әлемнің барлық 196 елін аралаған ең жас саяхатшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Сапар кезінде қарапайым турист бірнеше қауіпті жерді тапты. Бойжеткен мұнысын өзінің YouTube арнасында айтты.
Солтүстік Корея
Бұл жабық елдердің басты ерекшелігі, оған тек үкімет ұйымдастырған тур аясында әрі қатаң бақылаумен баруға болады. Эксидің айтуынша, экскурсия кезінде сізге елдің «шетелдіктерге көруге болатын» жерлері ғана көрсетіледі.
«Егер мемлекеттік бақылаушылардың көзінше шеңберден шығып кетсеңіз, салдары қауіпті болады. Мысалы, кешке қонақ үйге баратын кезде кететін уақыт болғанша сол жерде қалған жөн», - дейді Экси.
Экси бұл елді көрудің балама әдісін айтады. Ол – Солтүстік және Оңтүстік Корея шекарасындағы Кореяның демилитаризацияланған аймағына бару. Онда екі ел арасындағы демаркация сызығында орын тепкен көк ғимараттың ішінде Солтүстік Корея жеріне аяқ басуға болады.
Бангладеш
Кемшіліктері: мемлекетте қылмыстың жоғары деңгейі. Эксидің пікірінше, жағдайды елдегі халық пен көрші елдегі тәртіпсіздіктерден туындаған саяси тұрақсыздық шиеленістірген. Ютубер сексуалдық сипаттағы әрекеттердің жиі кездесетінін, сондықтан Бангладеш әйелдер үшін қауіпті екенін атады.
«Өкінішке қарай, қалта ұрлығы мен тонау өте көп. Бұл әр елде болады, бірақ турист ретінде бірден көзге түсесіз», - дейді блогер.
Әрі онда табиғи апаттардың жиі болатыны мен сенімді туристік инфрақұрылымның жоқтығын жеткізді.
Артықшылықтары: Бангладештің тамылжыған табиғаты көз тартады: өзен, джунгли, әлемдегі ең үлкен мангр орманы т.б.
«Бұл керемет ел, онда мейірімді адамдар көп», - дейді Экси.
Ливия
Кемшіліктері: туристік компанияның көмегінсіз бара алмайтын әлемдегі санаулы елдің бірі. Қазіргі уақытта Ливия туристік виза бермейді. Бойжеткен ол жаққа 2019 жылы жұмыс визасымен барған. Әскери-саяси тұрақсыздыққа байланысты бүлік кез келген уақытта пайда болуы мүмкін, яғни саяхатшылар өлімге немесе адам ұрлығы сынды келеңсіздікте басын қатерге тігеді.
Блогер елде туризмге қажетті инфрақұрылым жетіспейтінін айтады, соның салдарынан саяхаттау өте қымбат.
Артықшылықтары: Қауіп-қатерге қарамастан, Ливияға сапарлауға тұратын ел.
«Сан түрлі ерекше мәдениет пен әдемі пейзажға куә боласыз», - дейді ол бейнеде.
Жерорта теңізінің жағалауындағы ежелгі Рим қаласы – Лептис-Магнадан қалып, жақсы сақталған қирандыларды атап өткен жөн.
Орталық Африка Республикасы
Кемшіліктері: Оңтүстік Суданның басты мәселесі – шетелдіктерге көбінесе бүлікшілер шабуыл жасайды. Блогер сонымен қатар, елде қоғамдық көліктің аздығын айтады, сол себепті саяхаттау қымбат.
Артықшылықтары: саяхатшылардың дені елге жұмыс істеуге барса да, мұнда бірнеше мәдени ескерткіш пен ұлттық саябақ бар.
Сомали
Бұл елге барудың қауіпті болғаны соншалық, Лекси Сомалиге кіреберістегі қарулы күзеті мен бақылау-өткізу бекеті бар қонақ үйге аялдаған.
«Адам ұрлау мен лаңкестік әрекеттердің жиі болуына байланысты мұнда қарулы күзетсіз жүруге тыйым салынады», - дейді Лекси.
Ол Сомалиланд штаты саяхатшылар үшін біршама қауіпсіз екенін, бірақ брондалған көлік пен күзетші болуы керек екенін атап өтті.
Бұл сапардың басты ерекшелігі Сомалиланд астанасы Харгейсаға бару еді. Ол «әлемдегі ең көне әрі жақсы сақталған сына жазулары» бар қала шетіндегі Лаас-Гил үңгіріне көрген. Экси: «Бұл таңқаларлық сапар болды» дейді.
Сирия