×

Каспий таязданып бара жатыр – министр Сүлейменова «мәселе барын» мойындады

Министр теңіздің таяздануының екі себебін атады

Каспий таязданып бара жатыр – министр Сүлейменова «мәселе барын» мойындады
egemen.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Каспий теңізінің экожүйе ретіндегі жағдайы өте күрделі екенін растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қысым факторы бар. Біріншіден, өзендер ағынының төмендеуі. Каспий – жабық су қоймасы. Өзендер тұрақты түрде құйып тұрмаса, ондағы су деңгейі төмендей береді, өйткені оның қорек көзі болуы керек. Біз Каспийге құятын өзендердің жағдайын көріп отырмыз. Кез келген өзгеріс әсер етеді», - деді ол.

Министрдің айтуынша, теңіздің тартылуына ықпал еткен екінші фактор – климаттың өзгеруі. Соңғы жылдары министрлік өзен-көлдер, теңіз суларының азайғанын байқаған.

«Каспийдің қазақстандық бөлігі – ең таяз тұсы. Сондықтан біз барлық сыртқы факторлардың салдарын бірінші болып байқаймыз. Сондықтан, өкінішке қарай, мәселе бар. Антропогендік және климаттық факторлар да бар. Бұл мәселені Каспий маңы елдеріндегі әріптестерімізбен бірге талқылап жатырмыз. Мұндағы басты міндет –  тиімді шараларды әзірлеу. Каспий акваториясындағы жағымсыз процестерді қалай азайтуға болады? Сауалды дәл осылай қою керек", - деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Таразда жаңа көпірдің іргетасы қаланды
Бүгін, 17:55

Таразда жаңа көпірдің іргетасы қаланды

Нысан екі жеделсатымен жабдықталады
Өнерпаздарды дәстүрге сай Көрісу рәсімімен қарсы алды
Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →