×

Кімдер өз-өзін банкрот деп жариялап, сотқа жүгіне алады

Азаматтар өз-өзін банкрот деп жарияламас бұрын ойлануы қажет – ҚР Қаржы министрлігі 

Кімдер өз-өзін банкрот деп жариялап, сотқа жүгіне алады
aikyn.kz

ҚР Қаржы министрлігі азаматтар өз-өзін банкрот деп жарияламас бұрын ықтимал салдар мен шектеулер туралы ойлануы қажеттігін ескертті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Орталық комуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтар 4,9 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша сот банкроттығына жүгіне алады. Бұл рәсім барысында борышкердің мүлкі аукционда сатылуға жатады. Түскен қаражат белгіленген кезекпен кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеуге жұмсалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ведомство вице-министрі Ержан Біржанов хабарлады.

Оның айтуынша, қазіргі таңда мұндай процедуралар заңды тұлғалар үшін қарастырылған. Енді бұл тетікті жеке тұлғаларға қатысты қолдану көзделген.  

«Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып табылса, онда кредитор оны соттың банкроттық рәсімі кезінде қайтарып алуға құқылы. Жалғыз баспана кепіл болмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды. Қалған өтелмеген сома, егер борышкердің белгілері болмаса есептен шығаруға жатады. Алайда, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян мен алимент бойынша қарызды есептен шығаруға болмайды. Сот банкроттық рәсімін қаржы менеджерлері жүзеге асырады, оның ішінде заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер; кәсіби бухгалтерлер; заң консультанттары; аудиторлар», – деді Ержан Біржанов.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі бойынша тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін 5 жылға дейін сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл да заңды тұлғаларға қатысты қолданылатын процедура. 

«Сауықтыру жоспары қаржы менеджерімен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі. Бұл процедураның артықшылығы, кейін адам «банкрот» деген мәртебесін алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды. Банкроттықтан кейін пайда болатын салдар: осы процедурадан өткен адамдар жобада 5 жылға несиелер мен кредиттер алуды шектеу көзделген; азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады; банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделеді. Бұл тәжірибе Еуропа елдерінде бар. Сол себепті азаматтар өз-өзін банкрот деп жарияламас бұрын ықтимал салдар мен шектеулер туралы ойлануы қажет», –  деді ведомство вице-министрі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызбалаларды вакцинациялау ата-анасының келісімімен жүргізіледі: Дәрігер кеңесі
Бүгін, 22:20

Қызбалаларды вакцинациялау ата-анасының келісімімен жүргізіледі: Дәрігер кеңесі

Вакцина тегін негізде білім беру ұйымдарының егу кабинеттері арқылы қолжетімді болады
Вирусқа қарсы екпе дельта тәрізді иық бұлшықет ішіне енгізіледі
Бүгінгі таңда АПВ-ны алдын-алудың бірден – бір әдісі – вакцинация

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →