×

Алматыда қараусыз қалған Балалар үйі маскүнемдердің мекеніне айналған

Тұрғындар бұл жерге балабақша салып беруді сұрап отыр

Алматыда қараусыз қалған Балалар үйі маскүнемдердің мекеніне айналған
24.kz

Алматыдағы Орбита шағын ауданында қараусыз қалған бұрынғы Балалар үйі маскүнемдердің мекеніне айналған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

«Бұл мәселені талай көтеріп, әкімдіктің есігін тоздырдық», - дейді жергілікті тұрғындар.

Алайда ата-аналардың шағымына ешкім құлақ аспай отырған көрінеді,

Қала төрінде қаңырап тұрған ғимарат неге ешкімге керек болмай қалды?  «Орбита» ықшамауданындағы бұл бұрынғы №1 балалар үйі. Қазір атқораға айналған. Есік-терезелерінің барлығы сынған. Қабырғалары қираған. Қысқасы, бұл ғимараттың сау тамтығы қалмапты. Негізгі мәселе бұл емес. Жергілікті тұрғындардың алаңдап отырғаны – балаларының қауіпсіздігі. Өйткені кешқұрым уақытта мұнда маскүнемдер, нашақорлар жиналатын көрінеді. Сондықтан жазғы демалыс кезінде балаларымыз бір нәрсеге арандап қала ма деп ата-аналар уайымдап отыр.

 №1 балалар үйі бірнеше жыл бұрын тәрбиеленушілері азайғандықтан, жабылып, орнына Отбасын және балалықты қорғау орталығы ашылған еді. Көп ұзамай ол да жұмысын тоқтатты. Содан бері мекеме бос тұр. 

 «Үш рет өрт болды. Ішіндегі бір блогын қазір бомждар алып алды. Бір блогын жасөспірімдер алды. Біреуін кішкентай  жас балалар, 3-4-ші сынып балалары. Әрдайым мына жерге келіп, оларды қуамыз», - дейді қала тұрғыны Әсия Нүсіпжанова.

 Аумағы шамамен 20 мың шаршы метрді алып жатқан бұл ғимараттың қаңырап бос тұрғанына да 3 жылдай уақыт болыпты.  Алматыда балабақша мен мектеп жетіспейді. «Орбита» секілді ықшамаудандарда тіпті құрылыс жұмыстарын жүргізетін бос орын жоқ. Ал дайын тұрған ғимараттың не үшін қараусыз қалғанын тұрғындар түсіне алмай әлек.

 «Ғимарат Алматы қаласы құрылыс басқармасының балансында. Алматы қаласының құрылыс басқармасы 2021 жылы  желтоқсан айында жобалық-сметалық құжаттама дайындау жұмысын бастады. Бүгінгі күнде сараптаманың оң шешімі алынды. Жақын арада бюджеттік ұсыныс қалалық мәслихатқа беріледі. Ақша бөлінген жағдайда конкурстық рәсімдер жүреді», - дейді Алматы қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Айдар Нұрғожаев.

Әкімдік өкілінің айтуынша бұл жерде 480 орындық балабақша болады. Конкурстық рәсімдер аяқталса, қыркүйек айында құрылыс басталып, келесі жылдың соңында аяқталады деп отыр. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Көпұлтты Оспановтар отбасы ауласына жеміс ағаштарын отырғызды
Бүгін, 16:57

Көпұлтты Оспановтар отбасы ауласына жеміс ағаштарын отырғызды

Акцияны қолдау мақсатында Жамбыл ауданында бірқатар іс-шаралар өтуде
Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →