×

Жетісуда көшбасшы әйелдер форумы өтті

Форум осымен алтыншы рет өткізіліп отыр

Жетісуда көшбасшы әйелдер форумы өтті
qaz365.kz

Көшбасшы әйелдердің қатысуымен өтетін шаралар марафоны Жетісудан бастау алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Республиканың ең белсенді ауыл әйелдері бас қосып, ауылдың тұрақты дамуына қатысты сындарлы ұсыныстарын білдіре алатын форум осымен алтыншы рет өткізіліп отыр. «Ауыл әйелдерінің форумы» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және ауыл тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту арқылы ауылдың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттырудың жолдарын іздейтін, бастамаларды талқылайтын алаңға айналды.

 

Басқосудың ұйымдастырушылары – «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ және «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, облыс әкімдіктері және «Атамекен» ҰКП қолдау көрсетті. 

Талдықорғанда өткен бүгінгі жиында оңтүстік өңірдің, оның ішінде Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының өкілдері бас қосты. Осынау ауқымды жұмыстың нәтижесі биылғы жылдың қараша айында Астанада барлық облыстардан келген делегациялардың қатысуымен өтетін ауыл әйелдерінің VI республикалық форумы болмақ.

Форум пандемиядан кейін биыл алғаш рет оффлайн өткізіліп отыр. Бұған қоса еліміз бойынша барлық мүдделі тараптар онлайн байланыспен қамтамасыз етілді. Облыс әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика министрліктерінің, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері іскер әйелдермен тікелей байланысқа шықты.

«Форумның міндеті - жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, жергілікті өзін-өзі басқару құралдарын дамыту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, 2030 жылға дейін жергілікті деңгейде Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу мәселелерін талқылау. Форумға қатысушылар Coca-Cola Belesteri жобасының Бизнес негіздері, Farmer school мен Кооперацияның фермерлік дағдыларды дамыту бойынша тренингтеріне қатысты. Алда осындай форумдарды Батыс, Шығыс, Солтүстік және Орталық өңірлерде  өткізу жоспарланып отыр», - деді Қазақстанның ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV, V, VI шақырылымдарының депутаты Айсина Майра Арапқызы.

Айта кетейік, тұңғыш рет мұндай форум 2018 жылы Астана қаласында өткен болатын. Ал 2019 жылдан Қазақстанның әр аймағында өткізіле бастады. Ал 2020 жылдан бастап барлық облыста онлайн режимінде өтіп келеді.

 


 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →