×

Павлодар облысында бүтін бір ауыл өзен суын ішіп отыр

Ал аудан әкімі ауыз су мәселесін шешу қолдан келмейтінін айтады

Павлодар облысында бүтін бір ауыл өзен суын ішіп отыр
astanatv.kz

Павлодар облысында бүтін бір ауыл өзен суын ішіп отыр. Өйткені, елді мекенде тіршілік нәрін алатын басқа жер жоқ. Ескі құдық тартылып қалған. Ал өздері құдық қазып алайын десе, жақыннан су шықпайды. Тұрғындар әкімдік табалдырығын тоздырғанмен, нәтиже шықпапты. Себебі, халық саны 50 адамнан төмен болғандықтан, су тартылмайтынын айтқан, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Май ауданына қарасты Жаңатілек ауылында 40-тай ғана тұрғын бар. Көпшілігі су болмағандықтан, көшіп кетіпті. Қазір бар жоғы 9 үй қалған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұрын суды құдықтан алған. Бірақ, соңғы 30 жылда құдық суы тартылып қалыпты. Ал өздері қазып алайын десе, жақыннан су шықпайды.

Ал аудан әкімі ауыз су мәселесін шешу қолдан келмейтінін айтады. Өйткені, халық саны аз болғандықтан, су құбырын тартуға қазынадан қаражат қарастырылмаған.

 «Депутаттар оның ішінде мәслихаттың төрағасы осы мәселе бойынша әңгімелескенбіз. Бір барып, ауылдың қалталы азаматтарын жинайық, басын қосайық. 5-6 қалталы азаматтар бар. Соларды сұрайық. Қазақта жақсы мақал бар ғой. Көп түкірсе көл болады деген сияқты. Иә, ол мәселе бар. Сол жерден ұңғыма қазып берсе дұрыс болар еді»,- деді Май ауданының әкімі Ағыбай Әмірин.

Өңірде таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 95 процентке жеткен. Алайда, 54 елді мекен әлі күнге дейін тіршілік нәріне жарымай отыр.

 «Ауылдық елдімекендерге 15 млрд-тай қаражат қарастырылған. Ол 27 жоба бойынша. Биылғы таңда біздің жоспар бойынша 27 жобаны іске асырамыз. Соны асырғаннан кейін біздің сумен қамтамасыз ету деңгейі 98-ге дейін жететін болады», - деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ержан Салханов.

Алайда, тұрғындар мен шенділердің бұл есебі сәйкес келмейді. Таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жақындаса да, жұрт әлі өзен суын тұтынуға мәжбүр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →