×

Қазақстанда денсаулық сақтау саласы неге төмендеп бара жатыр

Денсаулық саласын қаржыландыруды арттыру нәтиже бермейді – Қаржы вице-министрі

Қазақстанда денсаулық сақтау саласы неге төмендеп бара жатыр
aikyn.kz

Бүгін Сенатта денсаулық сақтау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі  Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Әркен Өтенов Сенаттағы денсаулық сақтау тақырыбындағы Үкіметтік сағатқа қатысып, саладағы кетіп жатқан кемшіліктерді айтты. 

“Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина атап өткендей, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің қорытындысына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық жоба нәтижелерінің көрсеткіштеріне 100%, 2021 жылға жоспарланған іс-шараларды іске асыру нәтижелеріне 89%-ға қол жеткізгеніне қарамастан, әлеуметтік-экономикалық тиімділік пен стратегиялық көрсеткіштер бойынша тек 25%-ға қол жеткізген (8 көрсеткіштің екеуі ғана), ал халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері теріс динамикаға ие”, – деді Әркен Өтенов.

Спикер өмір сүру ұзақтығы төмендегенін, нәресте және ана өлімі өскенін, халықтың медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі небәрі 57,7%-ды құрағанын айтты.

“Сонымен қатар, Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева Агенттіктің талдау мәліметтеріне сүйене отырып, денсаулық сақтау саласын экономикалық ынталандыруға қарамастан, қызмет көрсету сапасынан гөрі, тиімсіз шығындардың көбеюі байқалады. Сондай-ақ, қаржыландыруды одан әрі арттыру күтілетін нәтиже бермеуі мүмкін. Агенттік проблеманы шешетін нақты ұсыныстар беріп отыр, бұл ұсыныстар Қаржы министрлігінің позициясымен сәйкес келеді, алайда бұл ұсыныстар Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан ескерілмеген”, – деді Әркен Өтенов Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің баяндамаларын сынап.

Сессия барысында денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды шешу Қазақстанда адами капиталды дамыту үшін үлкен маңызға ие екендігі атап өтілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жоғалған Lenova компаниясының директоры қала сыртында өлі табылды: күдікті ұсталды
Бүгін, 21:29

Жоғалған Lenova компаниясының директоры қала сыртында өлі табылды: күдікті ұсталды

Ол 9 қазан күні таңертең Алматыдағы үйінен шығып кетіп содан қайтып оралмаған
Енді оған науқасқа қайта жақындамайтындай қара мөр басу керек
Пилоттық жоба 2024 жылғы 18 наурызда енгізілген
Қаралы хабарды белгілі композитор Бекжігіт Сердәлі жеткізді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →