×

Министрлік АИТВ жұқтырған үш науқасқа қатысты тың деректерді бөлісті

АИТВ жұқтырған үш науқаспен байланыста болған 500-ге жуық адамнан сынама алынды
 

Министрлік АИТВ жұқтырған үш науқасқа қатысты тың деректерді бөлісті
yandex.kz

Эпидемиологиялық ахуалдың мониторингі барысында Алматы қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында емделіп жатқан АИТВ-ның оң мәртебесі бар 3 пациентті анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құрамына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті орталық аппаратының және медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және олардың аумақтық бөлімшелерінің мамандары, сондай-ақ бейінді мамандар енгізілген комиссия биылғы жылдың 14 маусымынан бастап осы оқиғаны тексеруді бастады.

Тексеру шеңберінде пациенттердің бағыты белгіленеді, ОКҚА-да көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасы және пациенттер емдеуге жатқызылған бөлімшелерде медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың профилактикасы бойынша инфекциялық бақылаудың сақталу мониторингі бағаланады.

“Тексеру барысында барлық пациенттер 2023 жылдың сәуір айында ОКҚА-ның бірнеше бөлімшелерінде медициналық көмек алғаны анықталды. Қазіргі уақытта пациенттердің маршрутын ескере отырып, байланыс шеңбері белгіленуде. Бүгінгі таңда 593 байланыста болған адамнан АИТВ-ға тексеру үшін материал алынды, оның 419-ы теріс, қалған 174-і жұмыста. Денсаулық сақтау министрлігі істерді тексеру барысын ерекше бақылауда ұстайды және бұл туралы жұртшылықты үнемі хабардар етіп отырады”, - делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда қан құйылған үш науқас ВИЧ инфекциясын жұқтырғаны анықталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →