×

Гранит тастар тазартылып, орнына қойылады - Алматы әкімдігі

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды

Гранит тастар тазартылып, орнына қойылады - Алматы әкімдігі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы Үлкен Алматы каналы арқылы өтетін Сейфуллин көпірін жөндеу кезінде тұтас гранитті тастардың жойылғандығы туралы ақпарат тараған болатын. Осыған орай Алматы қаласының әкімдігі Qaz365.kz тілшісіне жүргізіліп жатқан жұмыстардың мән-жайын түсіндіріп берді.

Әкімдіктің хабарлауынша, желілерде тараған тұтас гранитті тастардың жойылғандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тек апаттық қаптау фрагменттері өзгереді, ал 1980 жылдардан бері сақталған сапалы гранит жабыны орнында қалады.

«Сейфуллин даңғылының Үлкен Алматы каналымен қиылысындағы көпір өткен ғасырдың 80-жылдарында салынған. Содан бері көпір жөндеу көрген жоқ. Әр жылдары ағымдағы жөндеу аясында сынған, тозған плиталарды ішінара, бөлшектеп қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді», – делінген салалық басқарманың мәліметінде.

Сондай-ақ құзырлы орган жөндеу жұмыстарына қолданылған материалдар туралы түсініктеме берілді.

«Көпірдің қаптамасына екі түрлі материал қолданылды: оң жағында – гранит тастар, сол жағындағы Сейфуллин даңғылының жүру бөлігінде – қалыңдығы 20 мм кесілген гранит плиталары. Беті жылтыр, жақсы сақталған бүтін гранит тастар ауыстырылмайды. Оларды тазалау және тегістеу үшін алып тастайды, кейін орнына қойылады. Көзбен шолып қарау кезінде баспалдақ жиектерінде плиталардың ыдырауы, тірек қабырғаларында және құрылымның өзінде гранит плиталардың қабыршақтануы сияқты ақаулар анықталды. Мұның бәрі жаяу жүргіншілердің қозғалысына қауіп төндірді. Жөндеу жұмыстары аясында бұл плиталар да тазартылып, бастапқы қалпына келтіріледі. Сейфуллин даңғылының қозғалыс бөлігін қаптау үшін қолданылатын қалыңдығы 20 мм кесілген жалпақ гранит плиталарына келетін болсақ, бүгінгі күні оларда ақаулар мен үгінділер бар. Бұл плиталар ұқсас плиталарға ауыстырылады. Бөлшектелген және ауыстырылған плиталардың жалпы саны 25%-дан аспайды», – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар жаңа материалдардың сапасы туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсінік берді.

«Орнатылатын гранит плиталарында мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификаты бар. Осы сертификат тиісті түрде сәйкестендірілген әрлеу плиталары – граниттен («Желтау», «Майкөл» және «Жалғыз-5» кен орындары) жасалғандығын растайды», - дейді мамандар.

Мердігерлердің айтуынша, жөндеу жұмыстарын биылғы жылдың шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.​

Көпірді жөндеу жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түрксіб ауданы тұрғындарының жеке өтініштері бойынша жүргізіледі.

Еске сала кетейік, 10 шілдеде Алматы қалалық мобильділік басқармасы БАҚ өкілдері үшін ҮАК арқылы Сейфуллин көпірін жөндеуге арналған баспасөз турын өткізеді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →