×

Картаға қате аударым жасағанда не істеу керек

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аударым алушының келісімімен ғана қайтарылады

Картаға қате аударым жасағанда не істеу керек
Sputnik / Владислав Воднев

Егер бөгде адамның шотына қате аударым жасаған болсаңыз, бірден банкке хабарласуыңыз керек.

Әдетте әрбір банктің мұндай жағдайда өз алгоритмдері барын есте ұстаңыз.

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аударым алушының келісімімен ғана қайтарылады. Ақшаның қате аударымы жайлы хабарлама алған борышкер 7 күн ішінде жәбірленушіге  қайтаруға міндетті.

Алайда аударым ерікті әрекет болғандықтан, алушы ақшаны қайтармауы да мүмкін, мұндай жағдайда дереу полицияға не сотқа жүгінуге болады. Егер жауапкердің анықтама деректерін білгіңіз келсе, банктің заңды өкілдеріне ресми өтініш жазып, қажетті ақпаратты ала аласыз. 

Азаматтық кодекстің 750-бабына сәйкес, банктен жүргізілген операциялардың кімге және қайда аударылғаны жайлы есеп алуға толық құқыңыз бар. Қате аударым жасаған адамға осылай байланысқа шығып, шотқа жіберілген ақшаны өзара келісіммен сотқа жүгінбей-ақ  қолма-қол алуға болады. 
 
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 953-бабына сәйкес тұлға негiзсiз иеленiп алынған немесе жинақталған мүлiктi жәбірленушіге  қайтаруға мiндеттi деп көрсетілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мұны мен мистика деп атаймын»: Базарбек мемлекеттік органдардың есебіне күмәнданатынын ашық айтты
Бүгін, 20:30

«Мұны мен мистика деп атаймын»: Базарбек мемлекеттік органдардың есебіне күмәнданатынын ашық айтты

 Ұлттық қорға қаражат аударатын мұнай компанияларының саны 8,5 есе азайған
Әзілкеш құны 50 млн тұратын талон сатқан
Жобаға бюджеттен 7,5-8 миллиард теңге бөлінген
Ғимараттың қасбетіне өз бетімен кондиционер орнату – заң бұзушылық

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →