×

Алматыдағы Абай және әл-Фараби даңғылдарындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталады

Бекітілген кестеге сәйкес 31 тамызға қарай аяқталуы керек болған

Алматыдағы Абай және әл-Фараби даңғылдарындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталады
egemen.kz

Қаладағы негізгі даңғылдарда жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес 31 тамызға қарай аяқталуы керек болған. Алайда жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бетінде жұмыстар толығымен аяқталып, солтүстік бетінде Достық даңғылынан Қожанов көшесіне дейін жөнделген болатын. Енді 5 тамыз сағ.23:00-ден 7 тамыз 06:00-ге дейін Қожанов көшесінен Гагарин даңғылына дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты көлік қоозғалысы шектеледі. 6 тамыз күні Қожанов көшесінен Дулати көшесіне дейін реверсивті көлік қозғалысы ұйымдастырылады.

Абай даңғылында екі мердігер ұйым қатар жұмыс жасап жатыр. Батыс бағытта Достық даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін жөндеу жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы ашылған. Ал шығыс бағытта Наурызбай батыр көшесінен Достық даңғылына дейінгі соңғы бөлік жөнделмек. Аталған бөлікте 6 тамыз сағ.23.00-ден 8 тамыз сағ.06.00-ге дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты көлік қозғалысы шектеледі.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін патрульдік полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді. Реверсивті көлік қозғалысы кезінде әл-Фараби даңғылында жылдамдықты 40км\сағ шектеу туралы белгілер қойылып, жолақтар конусты фишкалармен белгіленеді. Реверсивті қозғалыс алдында екі жақтан көлік ағындарын бөліп тұратын металл турникеттер қойылады.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы магистральдық көшелерге жол төсемін төсеуде алғаш рет жаңа технологиялар қолданылды. Асфальтбетондардың құрамында полимерлер қолданылады. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсару температурасы жоғары (65-70°C), ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді. Қазіргі 5 жылдың орнына 8-10 жыл пайдалануға болады.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы оның қызы Instagram парақшасында жазды
9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →