Соңғы технологиямен жабдықталған бесік түрі баланың ұйқысының сапасына кері әсер етеді
Бүгінде кең тараған тербеліс функциясын атқаратын бесік түрі — ата-аналардың жұмысын едәуір жеңілдеткені айтпаса да түсінікті. Алайда соңғы технологиямен жабдықталған мұндай бесік түрі баланың ұйқысының сапасына кері әсер етеді. Логопед-дефектолог баланы бесікке бөлеудің пайдасы туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сонымен қатар бала шорт қимылдаса, не еден тегіс болмаса, тербелмелі бесік аударылып кетуі әбден мүмкін. Әрі бұл қарапайым бесіктен әлдеқайда қымбат тұрады.
Ал қарағай мен қайың ағаштарынан иіп жасалған бесікте баланың аяғы мен кеудесі байлаулы болғандықтан, оның қауіпсіздігі жоғары.
Бесіктің ерте заманнан бері киесі жайлы айтылуы да тегін емес. Себебі халқымыз «бесікке бөленген бала — әулие болады» деп ырымдап жатады.
Осы және өзге де пайдалы кеңестерді психолог, логопед-дефектолог маманмен болған сұхбаттың толық нұсқасын cілтемеге өтіп көре аласыз.