×

Жетісу облысында шенеуніктер көпбалалы аналарға бөлінген 500 үйді туған-туыстарына таратып берді – Сандуғаш Дүйсенова

Ол бұл сөзін Антикор растайды деп отыр

Жетісу облысында шенеуніктер көпбалалы аналарға бөлінген 500 үйді туған-туыстарына таратып берді – Сандуғаш Дүйсенова
ашық дереккөзден

Алматы, Жетісу облысындағы былықтарды ашып-жазып жүрген журналист Сандуғаш Дүйсенова Orda News You-Tube арнасына сұхбат беріп, өңірдегі шенеуніктердің былықтарған біраз әрекеттерін әшкерелеп, айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 «Маусым айының басында Антикорға арыз жаздым. Оның өзіндік себебі бар. Менде тізім жасалған. Ол тізімде облысты басқарған әкімдер, орынбасарлары, аудан әкімдері бар. Себебі бұл шенеуніктер қызметке тағайындалғанда мемлекеттен үй алады. Сосын оны қызметінен кеткенде өткізбейді. Мысалы, біреуінде үш пәтер бар. Ал Панфилов аудан басқарған Т.Ө Алматы облысы әкімінің кеңесші болып жүргенде алған үйін қайтармаған. Одан бөлек, тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте есепте тұрған азаматтарға «Шаңырақ» бағдарламасымен 500 үй бөлінген. Оның шенеуніктер өздері бөліп алған. Өз туыстарына берген»,  - дейді Сандуғаш.

Ол бұл сөзін Антикор растайды деп отыр. Осындай былықтарға қатысты құжат жүзінде дәлелдерін арыз түрінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке табыстаған.

«Бұл бағдарлама бойынша бір бөлмелі үйдің құны 104 миллион теңге тұратынын сол кезде білдім. Құда-жекжат, туған-туыстан бөлек, көңілдестеріне де берген. Менің арызым бойынша, Антикор тексеріс жүргізіп, біразын қамап та үлгерді», - дейді журналист.

Еске салып өтсек, былтыр тамыз айында Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың көлік жүргізушісіне берілген пәтер мемлекетке қайтарылған еді. Жалпы, Талдықорған қаласында 1 062  пәтердің заңсыз берілген анықталған болатын.

Айта кетейік, кеше Бас прокуратура Сандуғаш Дүйсенованың үстінен Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі «Өмірге қол сұғылмаушылықты және дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу» бойынша қозғалған іс тоқтатылғанын хабарлаған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →