×

Зейнеткерлерге коммуналдық қызметтің қымбаттауына байланысты материалдық көмек көрсетіле ме

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсініктеме берді

Зейнеткерлерге коммуналдық қызметтің қымбаттауына байланысты материалдық көмек көрсетіле ме
depositphotos.com

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Үкіметінің қаулысымен барлық зейнеткерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіледі деген ақпарат тарады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұны жоққа шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен барлық зейнеткерлерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіледі деген тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі, Үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданған жоқ. Сол себепті бұл ақпарат жалған”, - деді министрліктен.

Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының аясында жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеке тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеуге және осы мақсаттарға арналған шығыстарының шекті деңгейінде тұрғын үй көмегін көрсету қарастырылғанын хабарлады.

Бұл көмекке «Тұрғын үй көмегін тағайындау» туралы мемлекеттік қызмет арқылы құжаттарды тапсыруға болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды
Кеше, 17:35

Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды

Туристер мен Алматы тұрғындары 300 кг қоқыс жинады.
Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды
"Менің елім - менің Туым" акциясы аясында республика қалаларында 10 мыңға жуық ту ілінетін болады
ІІМ Қазақстан азаматтарын заңды және жол-көлік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →