×

Астанада І Орталық Азия медиафорумы өтіп жатыр

Іс-шараға 100-ден аса спикер қатысуда

Астанада І Орталық Азия медиафорумы өтіп жатыр
Qaz365.kz, Дина Әділ

Форум аясында медиамамандар мен танымал сарапшылар елдегі медианы дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, Орталық Азияда ортақ медиа кеңістік құру идеясын сараптады, деп хабарлайды qaz365.kz.

Іс-шараға 100-ден аса спикер қатысуда. 

Форумның панельдік сессиясында Түркияның 11-ші Президенті Абдолла Гүл, Моңғолияның 3-ші Президенті Намбарын Енхбаяр өз ойларын ортаға салады.

Іс-шараның хэдлайнері - америкалық New York Times-тың 4 мәрте бестселлер иегері, қазақ қызы, бүркітші Айшолпан жайлы жазылған «Eagle Huntress» кітабының авторы Лиз Уелш, голливуд актері, әйгілі боксшы Рой Джонс, YouTube желісінде 18 миллиард қаралым жиған дүние жүзіндегі балаларға арналған ең танымал dBillions жобасының авторы Ернис Уметалиев және Пулитцар сыйлығының иегерлері.

Сонымен қатар, іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымы, Ислам Ынтымақтастығы ұйымы, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы, ТҮРКСОЙ, АЫӨСШК, БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, UNFPA, ЕҚЫҰ Қазақстандағы өкілдіктері қатысады.

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген БҰҰ резолюция арқылы бекіткен 21 қыркүйектегі «Халықаралық бейбітшілік күнінің» және әлемдік «Peace one day» жобасының авторы Джереми Гиллимен бірге бейбітшілік идеясы бойынша арнайы сессия өткізеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиені Нұрәлі Әлиевтің қарамағына өтті
Кеше, 09:44

Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиені Нұрәлі Әлиевтің қарамағына өтті

Сарай 2014 жылы салынып, 2016 жылы ресми тіркеуден өткен
Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін арнайы бейімделген жұмыс орындары қарастырылған
Таудың жақындығы – қаланың басты бәсекелестік артықшылығы

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →