×

Садыр Жапаровтан ат мінген қазақ ақыны Дархан Сатыбалдыдан алғыс хат алу үшін мақтады

Ол бұған дейін 13 тамызда қырғыз басшысы Садыр көкпардан әлем кубогіне барған кезде арнау айтып, ат мініп қайтқан болатын

Садыр Жапаровтан ат мінген қазақ ақыны Дархан Сатыбалдыдан алғыс хат алу үшін мақтады
Фото:wikimedia.org

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданына барғанда жергілікті белсенділердің бірі Біржан Қалдыбаев әкімге арнау айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол бұған дейін 13 тамызда қырғыз басшысы Садыр Жапаров көкпардан әлем кубогіне барған кезде арнау айтып, ат мініп қайтқан болатын. Елге келген соң,  айтыскер ақын, депутат Аманжол Әлтаев Біржан Қалдыбаевты сынаған еді. Енді ол Түркістан облысының әкіміне айтқан арнауы да желіде көпшіліктің сынына ұшырап отыр. 

Қасиетті Түркістаным ұранымсың, 
Мақтанып айтып жүретін жыр-әнімсің.
Осы өлкеге туғаныма қуанамын
Сылдырап өзен-бұлағымсың.
Дархандай алып тұлға келді елге
Хал сұрап, Қазығұрттай туған жерге.
Тыңдайық жоспарын ағамыздың
Шығарып Қазығұрттың төрлеріне.
Ассалаумағелейкум ақтан келдім
Күн шығып, айы туған жақтан келдім.
Мен айтсам өлең-жырды әдет-ғұрып, қазақтың жолын қуған жақтан келдім.
Айналайын Дархан алтын ағам!
Алтыннан қымбат, парқын ағам!
Халық үшін аянбастан еңбек етіп,
Сіз жүрсіз бар еңбекті сарқып ағам.
Дархандай ағаны облысты әкімі деп естідік
Мен сізге бір ән шығарып берейін, алғыс хат бересіз бе келістік. 


«Тыңдап тұрған ағадай сізде  арман жоқ.  Арманымыз орындалсын десек, бір алғыс хатта тұрған ештеңе жоқ. Білдей бір президенттен ат алып жатсақ, сізден алғыс хат алу мәртебе. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын», - деп сөзін аяқтады  Біржан Қалдыбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →