×

Ресейлік блогер баласын қазақ мектебіне берді

Көктемде  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алға, Перербург» You Tube жобасының авторы Иван Червинскийге алғыс білдірген еді

Ресейлік блогер баласын қазақ мектебіне берді
Ашық дереккөзден

Бүгін ресейлік блогер Иван Червинский  (@alga. peterburg) қызын бірінші сыныпқа қазақ мектебіне берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгін Ваня қызын 1-сыныпқа қазақ мектебіне берді. Мемлекеттік тілде оқуды таңдаған балалардың саны тез өсіп жатыр. Қазақ сыныптарында түрлі этностардың балалары көбейіп келеді. Алматыда қазақ мектептеріндегі орын саны жеткілікті. Бірақ мен өзім мектепке дейінгі даярлық мәселесімен айналысқан тұста кездескен проблеманы айтайын. Алматыда мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мемлекеттік тілде дамыту орталықтары жетіспейтіні анықталды»,- деп жазды Александра Мыскина есімді желі қолданушы. 

Ол әдетте мұндай орталықтарда ата-аналар балаларды 4 сағатқа қалдырады. сол уақыт ішінде олар негізгі пәндерді оқиды деп отыр. Мемлекеттік балабақшаларда орындардың жетіспеушілігіне байланысты мұндай қызметтерге сұраныс өте зор екен. 

«Бірақ мен қазақ тілінде жұмыс істеген орталықты таба алмадым. Қандай да бір себептермен бизнес бұл бос орынды алуға асықпайды. Бірақ көптеген ата-аналар баланы дайындап, болашақта қазақ мектебіне бару үшін дәл осындай форматты іздейді. Бұл мәселені қалай шешуге болады? Бизнесті қалай ынталандыруға болады?», - дейді желі қолданушы.

Айта кетейік, көктемде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алға, Перербург» You Tube жобасының авторы Иван Червинскийге алғыс білдірген еді. Оның «Алға, Перербург» арнасы Димаш Құдайберген жайлы, сондай-ақ қазақ мәдениеті мен Қазақстанның жетістікке жеткен азаматтары туралы дерек ұсынған. Сол кезде Иван Червинский Ресей төлқұжатынан бас тартып, Қазақстанға көшуге дайын екенін жеткізген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім
02.07.2025ж. 00:22

Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім

17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →