×

Өзін «Бригада» сериалындағы Космос сезінген Талдықорған әкімі қызметкерлеріне соңғы рет ескерту жасады

Ол тапсырма заңсыз саудамен айналысып жүрген көшедегі әйелдерді қуып шығу емес, мәселені жүйелі шешу деп отыр

Өзін «Бригада» сериалындағы Космос сезінген Талдықорған әкімі қызметкерлеріне соңғы рет ескерту жасады
коллаж Qaz365.kz

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл әкімдікке қарасты басқарма өкілдермен кездесуде заңсыз саудаға төтеп бере алмай жүргендерге ескерту жасады. Ол жұмысын атқара алмайтындарды қызметінен алатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әкім бірнеше рет қорытынды жасалатынын қайталады. 
 

«Мен қалжыңдап тұрған жоқпын. Полиция бөлімшесінің бастығы, Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, СЭС бастықтарын ауыстыру мүлде проблема емес.  Мен бәрін бақылап отырамын. Ескі жүйемен жұмыс істеуді қойыңыздар. Өзгеруге тырысыңыздар.  Ешкімді қорқытып отырған жоқпын, бірақ барлығыңызға осыны ескертемін. «Бригада» сериалында «Біз атпаймыз, бақылаймыз» деп айтатын фраза бар. Мен сіздердің әрекеттеріңізді бақылаймын. Сосын келісімшарттарыңыз аяқталған тұста шешім қабылдаймыз. Сол кезде кімнің жолы бізбен бірге, кімдікі бөлек екені анықталады», - дейді әкім. 
 

Ол тапсырма заңсыз саудамен айналысып жүрген көшедегі әйелдерді қуып шығу емес, мәселені жүйелі шешу деп отыр. Сол кезде ол әйелдер автоматты түрде өздері кетіп қалу керек екен. 
 

«Түсінемін, көбісі әлі «Ескі Қазақстаннан» шыға алмай жүр.  Олар айтады, қояды деп жүр. Олай емес. Бір-екі ескертуден кейін қызметтерінен алынады.  Мемлекеттік қызметші ретінде барыңыздар. Бұл менің соңғы ескертуім. Біз бәріміз әріптеспіз, бірге жұмыс істейміз. Ауыр сөз айтқым келмейді. Не сіз бұл адамдарды ауыстырасыз, немесе біз басқару командасын ауыстырамыз. Бірақ біз бір жерден бастауымыз керек. Алдымен ротация жасап көріңіздер. Сонда біраз нәрсе айқындалып қалады», – деді Ернат Бәзіл
 

Жиын соңында әкім отырысқа қатысушыларға қазан айының басында осы орайда тағы да бас қосатындарын жеткізді. Шамасы, содан кейін қорытынды жасамақшы. 
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзілдің көшедегі заңсыз саудагерлермен әңгімесі тараған. Онда әкім қарамағындағы шенеуніктерімен, полиция қызметкерлерімен бірге саудагерлерді заңды сақтап, «керек болса, жұмыс тауып беретінін» айтқаны бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →