×

Қабылбек Жұмабеков: Бетін бүркеп, паранжа кию – дініміз бұйырған киім емес

Қабылбек Жұмабековтың айтуынша, бетін жауып алу – арабтардың үрдісі

Қабылбек Жұмабеков: Бетін бүркеп, паранжа кию – дініміз бұйырған киім емес
Фото: cdni.rt.com

Діни ортада белгілі ұстаз Қабылбек Жұмабеков көздеріне де дейін жасырып, тұмшаланып алатын қаракөздерге ақылын айтты. Оған осы мәселеге қатысты сұрақ жиі қойылады.

«Бетін тұмшалап алу – арабша нехоп, қазақша паранжа деп аталады. Қыз балалар паранжа жабылып алады. Кейбірінің көздері көрінеді, кейбірінің көздері де көрінбейді. Бетін бүркеп тастайды. Сол дінімізде қаншалықты болуы керек пе, әлде болмауы керек пе деген сұрақ келеді. Айтарымыз – ол дінімізде бұйырған киім емес. Өйткені Шариғаттың бұйрығы – әйел адамның бүкіл денесі жабылуы керек. Сырға, мойын, бір тал шашы көрінбеуі керек. Жүзі, беті, алақаны, екі қолы – әурет емес. Осы екі орынға рұқсат беріледі. Қалған бүкіл дене бітімі жабық болуы керек», - дейді ол.


Қабылбек Жұмабековтың айтуынша, бетін жауып алу – арабтардың үрдісі. Мысалы, түрікмендер елінде құмның арасында өсетін түрікмендер халқында қыз балалар жабылып жүреді. Өйткені құмды жер ыстық. Қыз баланың беті күйіп, қарайып кетеді. Сондықтан, өз әсемдігін сақтау үшін қолшатыр ретінде пайдаланады. 


«Арабтар да сондай. Африка құрлығы өте ыстық. Төбеңнен күн, астыңнан құмның ыстығы бар. Сол себепті ол жақта да арабтардың қыздары күннен, ыстықтан сақтану үшін бүркеніп жүрген киімдері ол. Дәл соның нұсқасын елге алып келіп, орнатудың қажеті жоқ. Өйткені біздің елдің ауа-райы оны талап етпейді. Бізде ондай ауа-райы жоқ. Біздің дәстүрімізге де келмейді. Әжелеріміз ондай бетін бүркеп, тұмшаламаған. Бәлкім, бұл бізде ерсі көрінетін нұсқа. Сондықтан, ерсі көрінетін нұсқаны алып келіп, Ислам діні, Шариғатты орындап жатырмын деп, қаракөздерімізге ондай нәрсені жасаудың қажеті жоқ деп айтқым келеді. Алланың Шариғатта бұйырғанын орындайық, бірақ қазақтың дәстүрімен оны әшекейлеп, қазақтың нақышымен барынша зейнеттелсе тым тамаша болар еді», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтті
Бүгін, 11:34

Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтті

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров еңбегімен дараланған азаматтарды марапаттады
Сақтық шараларын әрбір әлеуметтік желіні тұтынушы білуге тиіс
Кешкі аспанға жүздеген дрон көтеріледі
Есірткі бизнесінің теріс пиғылды біреулерге тиімділігі сонша, үнемі жаңа түрлері пайда болып жатады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →