×

Мектепке орамалмен баруды шешіп беріңіз. Бір топ ер адам Президентке үндеу жасады

Бұған дейін ҚМДБ шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз деген ақпарат таратқан болатын

Мектепке орамалмен баруды шешіп беріңіз. Бір топ ер адам Президентке үндеу жасады
Стоп-кадр

Әлеуметтік желіде сақалды жігіттердің жұма намазынан кейін мешіттің алдына жиналып, Президент пен бас мүфтиге үндеу жасаған видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.


«Мектепке орамалмен барып жүрген мұсылман бауырларымыз қыздарын кіргізбей жатыр. Мектеп директорлары мен ұстаздары өрескел әрекетке барып отыр. Сондықтан рұқсат керек.Бұл біздің ғана сөз емес, бұл аллаһтың бұйрығы. Құдайдан қорыққан соң, осылай айтып жатырмыз. «Халық қаласа, хан түйесін сояды» деген.  Осы ретте біріншіден, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан, екіншіден Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлынан осы мәселені шешіп беруді сұраймыз. Бұл жерде тұрған жамағаттың қалауы сол», - дейді үндеу жасаған азамат.


Бұған дейін ҚМДБ шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз деген ақпарат таратқан болатын.
Ал Оқу-ағарту министрлігі мектепке хиджап киіп бару мәселесіне нүкте қойған болатын.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды
Бүгін, 10:10

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды

Бұл туралы оның қызы Instagram парақшасында жазды
9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →