×

Бұл - қателік, күнә. Нұрлан имам хиджаптағы сексологтарға кеңес берді

Алматыда өтіп жатқан New Media форумда Нұрлан имам Байжігітұлы өз пікірін білдірді

Бұл - қателік, күнә. Нұрлан имам хиджаптағы сексологтарға кеңес берді
instagram.com/nurlanimam.kz

Соңғы кездері хиджап киген сексолог-психологтар көбейген. Осыған қатысты Алматыда өтіп жатқан New Media форумда Нұрлан имам Байжігітұлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Мұндай жекелей айтса, қажет шығар. Бірақ елге шығып, «былай істеу керек» деп ақыл үйреткендері жақсы нәрсе емес. Интим деген жеке мәселе ғой. Пайғамбарымыз әйелге келген кезде жеке өзіңе айтқан.  Сондаймен айналысып жүрген адамдарға айтарым – бұл үлкен қателік.  Біздің отбасындағы қазақи құндылығымыз – бір нәрсені татып, бір нәрсені құсумен өлшенбейді ғой. Аналарымыздың соның бірін көрмей, өмірге сәби әкелді.  Сондықтан бұл арсыздық нәрсе. Жеке төрт қағида бар. Біреуі ағайынның ортасы, екіншісі ер мен әйелдің ортасы, ұстаз бен шәкірттің ортасы, алла мен пайғамбардың ортасы. Мұндай нәрсе көпшілік ортада айтылмауы керек», - деді Нұрлан имам.


Айта кетейік, соңғы кездері елімізде хиджаб киген сексолог-психологтар көптеп шығуда. Мысалы, солардың бірі Алина Шадинова өміріндегі жағдайлар осы салаға келуіне әсер еткенін айтады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өтті
Кеше, 17:35

Қызылордада «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өтті

Бұлақтар мен жағалау аумақтары тазарту жұмыстарына 16 мыңнан астам адам қатысты
Игі іске өңір жастары белсенді атсалысты
«Мөлдір бұлақ» акциясы – табиғатты қорғау ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеу

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →