×

«У-ды» өзіміз сатып аламыз – вице-министр ресейлік телеарналар туралы айтты

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов комитет отырысында ресейлік телеарналарға ақша төленетіндігін айтты

«У-ды» өзіміз сатып аламыз – вице-министр ресейлік телеарналар туралы айтты
zakon.kz

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов әлеуметтік-мәдени даму комитет отырысында көрші телеарналарға ақша төленетіндігін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ресейлік телеарна көрмек түгіл біз оларға ақша төлейміз. Яғни біз «У-ды» өзіміз сатып аламыз. Ең алдымен төлем мәселесін шешу керекпіз. Мысалы, кабельдік операторға айына 5 мың теңге төлейсіз. Олар соның 3 мың Ресейге беруі тиіс. Ең алдымен осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы уақытта шетелдік арналарға ақша төлеуді тоқтатамыз. Ал отандық арналар керсінше Alma TV сияқты кабельдік операторларға өздері төлейді. Жыл соңына дейін осының шешуіміз керек», - дейді Қанат Ысқақов.

Айта кетейік, депутат Мақсат Толықпай ресейлік арналарға  шектеу қою керектігін айтқан еді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →