×

Билігі құрылысты азайтып жатқан Астанада үй қымбаттай ма - Отбасы банк басшысы жауап берді

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, елде жыл сайын бала табу көрсеткіші артып барады

Билігі құрылысты азайтып жатқан Астанада үй қымбаттай ма - Отбасы банк басшысы жауап берді
Tengrinews.kz

«Отбасы банк» төрағасы Ләззат Ибрагимова баспана нарығындағы бағаның өзгерісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, елде жыл сайын бала табу көрсеткіші артып барады. Тиісінше, баспанаға деген сұраныс та арта береді

Астана билігі су мен жарық жетіспеушілігіне байланысты құрылысты азайтып жатыр деген әңгіменің шыққанына біршама уақыт болды. Мұндай елордада баспана қымбаттауы мүмкін бе? Бұл сұрақты журналистер Отбасы банк басшысы Ләззат Ибрагимоваға қойып көрді.

«Менің ойымша, баспана да тауардың басқа түрлері секілді тауарға жатады. Өте зор сұранысқа ие, неге десеңіз, Қазақстанда бала табу көрсеткісі өте жоғары. Кейінгі жылдары жылына 420-450 мың бала өмірге келеді. Әлбетте, осыдан кейін әр жас отбасы өзі тұрып жатқан үйдің аумағын кеңейткісі келеді. Егер пайдалануға берілетін үйлердің саны азая берсе, онда мұның арты аналитиктердің «үй бағасы арзандайды» деген болжамы орындалмайды. Демек, ұсыныс (сатылатын үйлер) аз болса да сұраныс бұрынғыдай қала береді», - деді Ләззат Ибрагимова мәжіліс кулуарында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Адамдар темекіні дерт деп қабылдамайды»: Ташкентте шылымға деген тәуелділіктен арылудың жаңа әдістері талқыланды
Бүгін, 11:28

«Адамдар темекіні дерт деп қабылдамайды»: Ташкентте шылымға деген тәуелділіктен арылудың жаңа әдістері талқыланды

Никотин өнімдерінің зиян деңгейін зерттеу бірнеше жыл бойы жалғасып келеді
«Ойжұмбақ 2», «Моана 2» және «Муфаса: Арыстан патша» фильмдерін қазақ тілінде тамашалауға болады
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →