×

Қадірлі кадр Толқын Әділғажинова

Қызметкерлердің әрқайсысының білім дәрежесі, жұмыс істеудегі сапасы, IQ деңгейі, қысқасы әр жұмысшының өмірбаянын бүге-шігесіне дейін біледі

Қадірлі кадр Толқын Әділғажинова
Жеке мұрағаттан

Кез келген мекемеде кадр бөлімі деген бар. Міндетті түрде қыз-келіншектер отырады. Қағазбен жұмыс істейтін, ұқыпты да тиянақты болуың керек жұмысты еркектер істей алмайтындығымызды, олар сияқты қырық емес, бір ғана жанымыз бар, олардай төзімді емес, шыдамсыз екенімізді біз еркектер мойындауымыз керек. Бір құжаттан қате кетсе, сол мекеменің бүкіл жұмысы кей жағдайда тоқтап қалатынын біле бермейміз. Білмегендіктен де «Осылар қағаз толтырғаннан басқа не біледі!» дейтініміз бар. Олар бәрін біледі! Қызметкерлердің әрқайсысының білім дәрежесі, жұмыс істеудегі сапасы, IQ деңгейі, қысқасы әр жұмысшының өмірбаянын бүге-шігесіне дейін біледі. Мұндағы кадр бөлімінің басшысы сыбайластықтан ада, еңбек өтіліне орай адам тану қасиеті жоғары болса, сол мекеменің, ұйымның, ұжымның жұмысы алға басады, дамиды, нәтижелі болады. Директорға және оның орынбасарларына мықты мамандарды тауып береді, өйткені кімінің кім екенін біледі.Себебі кадр бәрін шешеді. Мықты кадрсыз, мамансыз басшының да қадірі жоқ.

Толқын Әділғажинова Семейде туып, Алматыда ҚазҰУ-да білім алып, 1993 жылдан 2008 жылға дейін Талдықорған мен Алматыда басшылық қызметтерін атқарған.

2008 жылдан бері ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты «Almaty Resort» шипажайында аға маманы қызметінен бастап, 2011 жылдан бері кадр бөлімін басқарып келеді.  

Толқын Бақытжанқызының шипажайдың ішкі нормативті-құқықтық құжаттарын, қағида-ережелерін жаңадан енгізіп, олардың орындалуын қамтамасыз етті. Кадрлар бөліміне «1С Предприятие», «Ресурстарды басқару жүйесі» ақпараттық бағдарламалары орнатылып, қызметкерлердің барлық деректері енгізілді. 2019 жылы жаңадан «Бірыңғай кадрлар жүйесі» ақпараттық жүйесі енгізіліп, қазіргі уақытта қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бөлім толық автоматтандырылған заманауи құрылымдық бөлімге айналды.  

Еңбек еткен он екі жылда Толқын ханым айрықша адал еңбегімен көзге түскен 200-ден астам қызметкерді марапатқа ұсынып, еңбектерін ұжымға тәнті етті.  

Өзі де көп жылғы адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Үздік еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Сапалы мамандар мен бірлігі ұйысқан ұжымның арқасында «Almaty Resort» шипажайы қазір әлемдік стандарт бойынша ең жоғары медициналық  құрылғылармен жабдықталған, демалушыларға медициналық және сервистік қызметтердің кең ауқымы көрсетілетін бірегей емдеу-оңалту, сауықтыру кешеніне айналған.

Тіпті 2012 жылы шипажайға 5 жұлдызды қонақ үй мәртебесі берілді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Маманның айтуынша, әлеуметтік тәуелділік дегеніміз дәл осы тұрақты жұмыстың болмауынан туындайды
Облыстағы аграрлық мәселелер қалай шешілуде
Жиналған барлық қаражат әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →