×

Кореяда мешіттің жанында шошқаның етін қуырған

Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында мешіттің салынуына қарсы болған белсенді топ түрлі акциялар ұйымдастырып бастады

Кореяда мешіттің жанында шошқаның етін қуырған
фото: opindia.com

Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында мешіттің салынуына қарсы болған белсенді топ түрлі акциялар ұйымдастырып бастады. Жақында олар мешіт құрылысы жүріп жатқан алаңға шошқа етінен барбекю жасады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі  opindia.com-ға сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласындағы Тэхен-Донг тұрғындары кейбір мұсылман мигранттарының осы елдімекенде мешіт салуға наразылық білдірді. Корея Геральдтағы хабарламаға сәйкес, 15 желтоқсанда жергілікті тұрғындар мешіт салынып жатқан алаңға жиналып, шошқаның етін қуырды.

“Тэхен-Дон елдімекенінде мұсылман қауымының бірнеше мүшесі тұрады және жергілікті корейлер олар үшін мешіт салуға үзілді-кесілді қарсы”- деді  Тэгу мешіттеріне қарсы күрес комитеті.

Әлеуметтік желілерде жарияланған барбекю кешінің фотосуреттерінде кішкентай үстелге қойылған шошқаның басы бейнеленген.

Жергілікті тұрғындардың қарсылығына қарамастан, мешіттің құрылысы аяқталды. Ол 2022 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →