×

«Сол күні сәбиімнен айырылдым». Перзентханадан баланы дүркіретіп шығарғандар жұрттың наразылығын тудырды

Бір сөзбен айтқанда, ұлы той жасаған

«Сол күні сәбиімнен айырылдым». Перзентханадан баланы дүркіретіп шығарғандар жұрттың наразылығын тудырды
Коллаж Qaz365.kz

Таяуда желіде Алматы қаласы Басенов көшесіндегі перзентханадан дүркіретіп шығарып жатқандардың видеосы тараған болатын, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеода дүниеге келген нәрестенің ата-анасы, туған-туыстарының бұл қуанышты жоғары деңгейде атап өтуге барын салғандары байқалады. Медициналық мекеменің ауласы у-шу, ән мен биге, адамдарға, қымбат көліктерге, шоу-бағдарламаға, аниматорларға толы, тіпті халық аспаптары оркестрін де шақырған. Бір сөзбен айтқанда, ұлы той жасаған. 

Әрине, отбасында баланың дүниеге келуі – зор қуаныш. Дегенмен, өмір болған соң, қуаныш пен қайғының қатар жүретінін де естен шығармаған абзал. Аналардың бірі сәбиін құшағына алып, шат-шадыман бақытқа кенеліп жатқан кезде, кейбір ана нәрестесінен айырылып, қайғыдан қан жұтып отырса, тағы біреуінің перзенті жансақтау бөлімінде өмір үшін күресіп жатады.

Сондай желі қолданушылары наразылығын жасырмай, бейнежазбаның астына пікірлерін қалдырған: «Дарақылық қой», «Мен Басеновтегі перзентханада босанғанда да дәл осылай улап-шулап шығарып жатты, ал мен сол күні баламнан айырылып қалғам», «Мұны көріп, баласыз шыққандар көз жасына ерік береді».

Дәрігерлер де перзентхананың ауласындағы даңғаза шудың арнайы күтімді қажет ететін жас аналар мен сәбилер үшін зиянды әсері болатынын айтады. 

“Әсіресе, 500-700 грамм салмақпен өмірге келіп, 2-3 ай арнайы құрылғыларда оңалтудан өтіп жатқан нәрестелерге тыныштық аса қажет. Даңғырлаған әуеннен сәбилердің тыныштығы бұзылады”, - дейді олар.

Айта кетейік, мұндай мәселе желіде талай мәрте көтеріліп жүр. Бұған дейін Атырау, Ақтау қалаларында орын алған осындай шоулар туралы талқыланған болатын. 


 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →