×

Заңгер Риддерде шенеуніктерден қазақ тілін талап еткен белсенділер әрекетіне “пиғылы дұрыс емес” деп баға берді

Заңгердің жазуынша, бұл “мемлекеттік тілдің мәселесін даулап жүрген кісі емес басына пәле іздеп жүрген кісінің кейпі"

Заңгер Риддерде шенеуніктерден қазақ тілін талап еткен белсенділер әрекетіне “пиғылы дұрыс емес” деп баға берді
Qaz365.kz коллажы

Заңгер Марат Ахмади Риддерде шенеуніктерден қазақ тілін талап еткен белсенділердің ісі бойынша пікірін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz. “Көпшілікке ұнамаса да” деп әңгімесін бастайды ол. 

Әлеуметтік желіде заңгер Риддердегі мәселеге көз тастап, жай ғана қарау бар, сонымен қатар түбіне үңіліп, мәселенің төркінін көре білу бар екенін айтады. Сөзінше, жігіттердің жасаған әрекеті қоғамда резонанс тудырып, көпшілік қолдау білдіріп жатыр. 

“Иә, бір қарағанда солай. Ал ой таразысына салып, жан жақты қарасақ ше? Өз басым бұл әрекетті берісі санасыздық деп бағалаймын. Ойланбай, албырттықпен, эмоциямен жасалған болса - санасыздық. Ойланып, жоспарлы түрде жасалған болса - арандатушылық, мемлекеттік тілге қарсы жасалған провокация. Олай болуы да мүмкін ғой? Арам пиғылды біреулер айдап салуы, итермелеуі де мүмкін. Мемлекеттік тілді білмейтін кісі “мен білмеймін, бірақ әріптесім аударып берсін, мәселеңізді айтыңыз” деп тұр. Бұған “жоқ аудармашы қажет емес, сен неге қазақша білмейсің” деген кісінің пиғылы дұрыс емес деп ойлаймын”, - дейді ол.

Заңгердің жазуынша, бұл “мемлекеттік тілдің мәселесін даулап жүрген кісі емес басына пәле іздеп жүрген кісінің кейпі”. 

“Егер албырттықпен жасап жүрсе Алла сана берсін, ал мақсаты Риддерге барып араздық тудыру, мемлекеттік тілге деген антипатияны қоздыру болса жазасын онсыз да тартады.
Мемлекеттік тілдің мәселесі барлық деңгейде көтеріліп, қазақ тілінің үстемдігі жолында нақты істер жасала бастаған шақта мұндай қисынсыз әрекеттердің пайдасынан зияны көбірек”, - дейді ол.

Марат Ахмади “басқасын былай қойғанда қазақы ортаның өзі екіге бөлінініп жатқанын, мұндай әрекеттер қазіргі кезде тілдік ортадағы оң өзгерістерді ұнатпай, шу шығарып прогресске тосқауыл болу үшін ілік іздеп жүргендерге есе беру деп білетінін” айтады. Пайымдауынша, бұл күндері көрінеу ақпарат көздерінде тек қазақша сөйлеп жүрген мемлекет басшысы, жиындарын тек мемлекеттік тілде жүргізіп жүрген үкімет пен министрліктер біреулерден секем алып күні ертең бұрынғысынша өздеріне ыңғайлы аралас форматқа өтпейтініне кім кепіл? Сондықтан қазір асқан сақтықпен, жан жағымызды бақылап, ойланып барып әрекет ететін күн екенін ұмытпаған жөн дегенді келтіреді.

“Ел күткен түбегейлі өзгерістердің ауылы көрінбесе де, барлық деңгейде трансформацияға, өзгеріске деген талпыныс бары сезіледі. Сонымен қатар өзгерісті қаламайтындар, бұрынғы майшелпек жүйеміз қала берсін дегендер де аз емес. Сондықтан кез келген әрекетіміздің құқық пен әдеп шеңберінен тасып кетпеуін қадағалағанымыз жөн”, - дейді ол.

Еске сала кетейік, Риддердегі «Шаңырақ» мектебінің мәселесін көтеріп, шенеуніктерінен қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен үш белсендінің үстінен іс қозғалған болатын. Бұл ақпаратты үкіметтің баспасөз орталығында Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев растады.

«Олар шынымен Риддерге барған. Өткізген іс-шаралары бойынша, қылмыстық іс тіркелді. Ол қылмыстық істі тіркеудің себебі – сол жердегі азаматтардың арызы. Олар «құқықтарымыз бұзылды» деп есептейді. Арнайы филологиялық сараптама тағайындалды”, - дейді Қожаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →