×

«Айыппен емес, байыппен қарайық»: Аида Балаева Кемел Тоқаевтың атымен ашылған аудиторияға қатысты пікір білдірді

Журналист десе де кейбір депутататтардың өзі мұны жағымпаздық деп бағалағанын еске салған

«Айыппен емес, байыппен қарайық»: Аида Балаева Кемел Тоқаевтың атымен ашылған аудиторияға қатысты пікір білдірді
Коллаж Qaz365.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай ашылған аудиторияны кейбіреулердің президентке жасаған жағымпаздығы деп есептемейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Еске салайық, кеше Алматыдағы ҚазҰУ-да президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай Кемел Тоқаев атындағы аудитория ашылған еді. Әлеуметтік желілерде осы жайтты президенттің жеке басына табыну деп қабылдағандар болған. «Бұл жайлы не ойлайсыз?» деген сұрақ бүгін Орталық коммуникациялар алаңында Аида Балаеваға қойылды.
 

«Менің ойымша, осы бір биттей аудиторияның ашылуына қатысты осындай дау-дамай болып жатқаны ұят нәрсе. Біріншіден, біз Кемел Тоқаевтың тұлғасын президенттің әкесі ретінде қабылдамауымыз керек. Ең бірінші ол кісі – белгілі ірі жазушы. Екіншіден, ол кісі қазақ детектив жанрының негізін қалаушысы. Сонымен қатар, ол кісінің кітаптары Совет үкіметі кезінде үлкен тираждармен шыққан. Асығып, оқырмандары іздеп оқитын жазушылардың бірі болды. Ол кісі журналистика саласына да үлкен үлес қосқан тұлға. Майдангер тұлға. Сондықтан, менің ойымша, ол кісінің тұлғасына тек президенттің әкесі деп қана қарамау керек», - дейді Аида Балаева.


Министр мұндай шаралар күнде өтіп жатпағанын да атап өтті. 100 жылдық мерейтойына қатысты ғана іс-шара өткізілгенін айтты. Елде тек Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы ғана емес, Мұзафар Әлімбаев, Тахауи Ақтанов, тағы да басқа белгілі жазушылардың 100 жылдық мерейтойлары аталып өткенін жеткізді.
 

«Меніңше, мерейтойлардың ең жақсы бір қасиеті – жазушыларымыздың шығармаларына жаңа дем беріп, жаңаша қарап, өскелең ұрпаққа насихаттауға үлкен септігін тигізетін жақсы шаралар. Үкімет тарапынан жыл сайын осындай мерейтойлардың тізбегі бар. Сол арқылы осындай іс-шаралар өтіп жатады. Кішкентай аудитория үшін енді соншама... Көкпар тартты. Оның барлығына мемлекеттің бірде-бір қаражаты бөлінген жоқ. Оны арнайы қор ұйымдастырды», - дейді ол.


Аида Балаева көзі тірі спортшылардың атында кешендер салынғанын, сол себепті айыппен емес, осы мәселеге байыппен қарауымыз керек деп есептейді.
Журналист десе де кейбір депутататтардың өзі мұны жағымпаздық деп бағалағанын еске салған. Алайда Балаеваның пайымдауынша, бұрынғы кездері де осындай мерейтойлар аталып өткен, бірақ әлеуметтік желі ол кезде жоқ болғандықтан, жан-жақты ақпарат аз болған.
 

«90 жылдығында кітаптары шығарылды. Конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізілген. Сондықтан, мәселе туындап жатқан жоқ. Ол керек те емес. Мұны мен жағымпаздық деп санамаймын», - дейді Балаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →