×

Қызының жыныс мүшесіне ыстық көсеу басқан - Зәкиева сұмдық қылмыстың бетін ашты

“Бұл отбасының басынан өткергенін тозақ дер едім” дейді ол.

Қызының жыныс мүшесіне ыстық көсеу басқан - Зәкиева сұмдық қылмыстың бетін ашты
Коллаж Qaz365.kz

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысында зорлыққа ұшыраған 3 жастағы балаға барып қайтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz
Бала қазір ауруханада. Ол сонымен қатар, осы отбасының басқа балалары да болған бөпелер үйі мен балалар үйінде де болған. “Бұл отбасының басынан өткергенін тозақ дер едім” дейді ол.

“Мұның бәрі осы отбасындағы алкоголизм мен толық деградацияның салдары. Жанұяда 7 жастағы балаға қарсы қорқынышты қылмыс жасалып, кінәлі жазаланбаған. Кеше құзырлы және жауапты органдардың бәрімен болған оқиғалардың тізбегін зерттеп шықтым”, - дейді ол.

Зәкиеваның сөзінше, 2 жыл бұрын анасы мен өгей әкесі қыз баланың сыртқы жыныс мүшесіне көсеу басқан. Бұл бала оқыған интернатта болған. 

“Қылмыстық кодекстің 140 бабы (қинау) бабы бойынша іс қозғалып, оларды ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралған. Меніңше бұл жерде іс дұрыс баппен қозғалмаған. Оның үстіне баланың шешесімен бірге қылмысқа қатысқан өгей әкесі жазасыз кеткен. Екіншіден, сот оларды ата-ана құқығынан айырудан бас тартып, айыппұл жазып берген. Ақыры баланы үйге оқытуға ауыстырып, осы тозақта қыз бала екі жыт өмір сүрген. Кейін жыныс мүшесін қылмыс ізін, яғни зорланғанын жасыру үшін күйдіргені белгілі болып отыр”, - дейді ол.

Егер кінәліні екі жыл бұрын қинау бабы бойынша соттағанда үш баланы құтқарып қалуға болар еді. Балалар басынан қандай қиындық өткергенін елестетсең, жүрегің қанжылайды дейді ол.

Сол себепті қайта тексеріс жүргізіп, Зәкиева іске жауаптылардың бәрін жауппкершілікке тарту керек деп есептейду. Мемлекеттік органдармен бірге қажетті шараның бәрі қабылданатынын атап өтеді. Президент балаға қарсы қылмыс жасағандарға жазаны күшейтуді тапсырғанын, бұл жайттар сол ауадай керектігін дәлелдейтінін жеткізеді.

Динара Зәкиеваның айтуынша, балаларға жасалған қылмыстың 70 пайызы үлкендер мас кезде жасалатынын айтады. Кедейлік факторының да үлесі үлкен. 

“Мұндай қылмыстардың түбірі сонда жатыр. Көп аймақта, әсіресе Жетісу ауылдарында, Түркістан облысының 14 ауылында арақ сатпайды. Ол ауылдарда қылмыс мүлде жоқ”, - дейді Зәкиева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Маманның айтуынша, әлеуметтік тәуелділік дегеніміз дәл осы тұрақты жұмыстың болмауынан туындайды
Облыстағы аграрлық мәселелер қалай шешілуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →