×

Батыста неге сәлафиттер көп - себебі айтылды

Имам ең алдымен өз пайымына сүйеніп осындай қорытындыға келген

Батыста неге сәлафиттер көп - себебі айтылды

ҚМДБ мүшесі, имам Смайыл  Сейітбеков өз зерттеуінде кен орындары бар жерден салафиттер де шығатынын айтады. Имам ең алдымен, өз пайымына сүйеніп осындай қорытындыға келген, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Имам ретінде менің бір пайымым, зерттеуім бар: қай жерде кен орыны болса, сол жерде салафизм бар. Петропавлда бірде-бір кен орыны жоқ. Ол жерде салафизм таппайсыз. Ошағы жоқ. Қостанайда алтын, мұнай, шығып жатқан үлкен кен орыны жоқ. Ал батыста мұнай, газ шығады. Оңтүстіктегі Созақта уран шығады. Ол жерде салафизм жетеді. Яғни пайымдаған кезімізде қай жерде кен орыны бар – сол жерде салафизм көбірек шығатынын байқаймын», - дейді ол Абай Live  арнасына берген сұхбатында.


«Екеуінің арасында қандай байланыс бар?» деген сұраққа имам былай жауап береді.
«Имам ретінде пайымымды айтып отырмын. 100 пайыз шындық деген сөз емес. Сәйкестік те болуы мүмкін. Қай жерде ақша бар, сол жерде сондай дүниелер байқалады». Имам «мүфтиятта да ондай адамдар барын, оны бас мүфти де, орынбасары да айтып жатқанын» жеткізді.
 

«Бірақ менің айтқым келетін мәселе – біз сол қара шаңырақты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын, имамдарды қолдасақ болады – қолдамасақ ештеңе болмайды. Бірлесе жұмыс істеу керек. Біріміз былай, екіншіміз былай тартсақ, ол болмайтын тірлік», - дейді ол.


Еске сала кетейік, жақында бірнеше депутат Мәжіліс пен Сенат төрінен елде жат діни ағымдарға тыйым салу мәселесін көтерген еді. Ертеңінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың мектепте хиджап киюі туралы пікір білдіріп, «мектеп ең алдымен білім ошағы» екенін еске салды. Қоғамда діни ұстаным бойынша талас-тартыс күшейіп тұр. Осы тақырыптарды ортаға салу үшін Абай лайф арнасына Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи мен діни басқарма өкілі Смайыл Сейітбеков келіп пікірін ортаға салған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Райымбек ауданындағы жол мәселесі: Әкім уәдесі
Бүгін, 14:33

Райымбек ауданындағы жол мәселесі: Әкім уәдесі

Жобаға бюджеттен 7,5-8 миллиард теңге бөлінген
Ғимараттың қасбетіне өз бетімен кондиционер орнату – заң бұзушылық
Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген, 90 пайызы ескірген
Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Ерлан Қожағапановты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп танып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →