×

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері өсті

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері 51 теңгеге өсті

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері өсті
ашық дереккөзден

Қазақстанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңгені құрайды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, деп хабарлайды Qaz365.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметңнше, жыл басынан бері қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 2 трлн 477,6 млрд теңге зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақыға – 760,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға 1 трлн 717,5 млрд теңге қарастырылды.

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 312 мың адам.

«2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 1 қыркүйекте жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 937 теңгені құраған еді. Осылайша, орташа зейнетақы 51 теңгеге өсті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Алдағы уақытта барлық ұсыныстар мен бастамаларрды іске асыру тетіктері белгіленді
Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады
Заңда жасанды интеллект жүйелерінің қызметін реттейтін негізгі қағидаттар бекітілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →