×

Елдегі діни дау-дамайды кім ұйымдастырып отыр? Балаева жауап берді

Ол қай дін болмасын бір-біріне сыйластықты, құрмет көрсетуді дәріптейді деп отыр

Елдегі діни дау-дамайды кім ұйымдастырып отыр? Балаева жауап берді
Коллаж Qaz365.kz

Бүгін Үкімет отырысынан кейін баспасөз мәжілісінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдегі діни дау-дамайды кім ұйымдастырып отыр деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.


«Бұл сұрақ қазіргі заманның ерекшелігіне байланысты. Өйткені әлеуметтік желілерде осыған қатысты пікірлер жазылып жатыр. Ата Заңда сөз бостандығы, ой бостандығына мүмкіндік берілген. Сондықтан адамдардың бұл өз пікірі. Ал біреу ұйымдастырғанын байқамадым. Менің құзіретімдегі жұмыс емес. Мемлекет тарапынан мүлдем ондай жұмыс қолға алынған емес. Біз елдің тұрақтылығын сақтауға мүдделіміз.   Кейде біреудің айтқан ойын толық түсінбей, сараламай, өзімізше пікір білдіріп жатамыз. Ол дұрыс емес. Дін мәселесі – өте нәзік тақырып», - дейді Аида Балаева.

Ол қай дін болмасын бір-біріне сыйластықты, құрмет көрсетуді дәріптейді деп отыр.

«Өкінішке қарай, соңғы кездері елімізде дін мәселесі агрессиялық тұрғыда талқыланып кетті. Бұл ретте БАҚ өкілдерінің үлесі зор. Сондықтан сіздерді қоғамның сауаттылығын арттыруға шақырамын. Мұның бәрі діни сауатсыздықтан болып жатыр», – дейді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда
Бүгін, 19:47

Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда

Биыл жағалаудағы санитарлық тораптар саны 8-ден 18-ге дейін көбейтіледі
Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіруі тиіс.
Ол қомақты қаражатты жымқырды деп айыпталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →