×

Ұйғыр ауданы атауы Қарадала болып өзгерді ме - әкім жауап берді

Мәселе мынада екен

Ұйғыр ауданы атауы Қарадала болып өзгерді ме - әкім жауап берді

Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова Qaz365.kz тілшісіне берген жауабында Ұйғыр ауданының атауы Қарадала, Шонжы атауы Әлмерек болып өзгеріп жатқанын жоққа шығарды.

– Бұл – жалған ақпарат. Ешқандай шындыққа жанаспайды. Ондай мәселе күн тәртібінде қаралған да жоқ. Ондай мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ, – деді телефон арқылы Елеусізова.

Оның айтуынша, облыста алдын ала жоспарланған “Ұлы даланың ұлы есімдері” атты іс-шара өткен. Сол жоспар бойынша өткен аптада театрландырылған қойылым көрсетілген. 

– Соны бұрмалап, ел тыныштығын бұзу үшін бе, әйтеуір, алыпқашпа әңгімелер тарап кетіпті, – дейді ол. 

Аудан әкімі ондай ақпаратты кім таратып жатқанынан хабарсыз. Өз міндеті ауданның тыныс-тіршілігін, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, халықтың тыныштығын сақтау екенін атап өтеді.

Мәселе мынада екен: “Ұлы даланың ұлы есімдері” жобасы шеңберінде ауданда “Қарадала” шайқасының театрландырылған сахналық қойылым көрсетілген. Ол қойылымда Шонжы деген қалмақтың батыры болғаны, қазақтың Әлмерек батырының Шонжының басын алғаны баян етілген. Сол қойылымның арты Ұйғыр ауданының атауының өзгергені турасында алыпқашпа әңгімеге арқау болған.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде аудан мен аудан орталығының атауы өзгергенін бөлісе жариялап, тіпті кейбіреулер сол үшін Президентке алғыс айтып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады
Бүгін, 16:41

Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады

Бес күндік және жеті күндік жұмыс аптасы бойынша
Елде барлығы 6 миллионнан аса жалдамалы жұмысшы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →