×

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңды қатаңдату жөніндегі петицияға 62 мың адам қол қойды

Авторлар ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру туралы баптарды еліміздің Қылмыстық кодексіне қайтаруды сұрайды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңды қатаңдату жөніндегі петицияға 62 мың адам қол қойды
bizmedia.kz

Қазіргі Президентке жолдаған үндеуде петиция авторлары қазақстандық әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан заңнамалық тұрғыдан қорғауды талап етеді. Петиция деректеріне сәйкес, елімізде 2017 жылдан 2020 жылға дейін тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері екі жарым есеге өскен, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі masa.media-ға сілтеме жасап.

Тоқаевтан Үкімет пен Парламентке Қазақстан Республикасында зорлаушыларға жазаны қатайту мәселесін қайта қарауды тапсыруды сұрайды. Атап айтқанда, олар Қылмыстық кодексте ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру үшін жауапкершілікті қалпына келтіруді ұсынып отыр.

Биыл Қазақстанда петиция институтын енгізу ресми түрде бекітілді. 50 мыңнан астам қол жинаған өтініштерді Қазақстан Республикасының Үкіметі қарауы тиіс.

Қазақстандықтар интернетте тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аударуға бағытталған жаңа челлендж бастады.

Қазақстанда тек 2022 жылдың өзінде әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 61 277 оқиғасы тіркелген.

Айта кетейік, Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Парламент тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы заңды одан әрі қатаңдатуға дайын екенін атап өтті.

Сондай-ақ белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген қыздарға үндеу жасап, «Заң күшіне енбейінше, тұрмысқа шықпаңыздар» деген кеңес берді.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы тағы бір ер адамның ұсталғаны жайлы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады. Сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол – Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →