×

Ақпарат министрлігі топик жаздыратын емес, журналистердің сотына дейін баратын адвокаты болуы тиіс - Әміржан Қосанов

Ақпарат министрлігі журналистерді қорғаумен айналысуы керек

Ақпарат министрлігі топик жаздыратын емес, журналистердің сотына дейін баратын адвокаты болуы тиіс - Әміржан Қосанов
Коллаж Qaz365.kz

Ақпарат министрлігі журналистерді қорғаумен айналысуы керек. Қажет болса, сотталған тілшінің сотына барсын. Бұл туралы XV «Media Құрылтай 2023» салалық конференциясында қоғам қайраткері, журналист Әміржан Қосанов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Масс-медиа туралы» заңның 7-бабында уәкілетті органдардың құзіреті айтылған. Біразы дұрыс, бірақ неге біз мынандай сөзден қорқамыз: «Уәкілетті орган журналистердің ақпаратты тарату жөніндегі конституциялық құқығын қорғауды өз міндетіне алады». Неге біз министрлікті реттеп, тежеп, қағаздар жіберіп, топик жаздыратын орган ретінде қарауымыз керек? Керісінше, министрлік журналистерді қорғауы қажет. Сотталып жатқан журналист болса, соған баруы тиіс», – дейді Әміржан Қосанов.

Ол Экология министрлігі эколог, орманшылардың құқығын қорғаса, Ақпарат министрлігі журналистерге жаны ашуы тиіс деп айтты.

«Ақпарат министрлігіндегі министрден бастап, орынбасары, көмекшілеріне дейін журналистердің адвокаты болуы тиіс. Одан кейін баспасөз хатшысы деген қызмет бар. Ол министрліктің немесе әкімдіктің емес, сол бір басшының сойылын соғады. Сын айтқан адамның аузын жапқысы келеді. Меніңше, осының бәрі заңда жазылуы керек», – дейді саясаткер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →