×

«Халықтың алдында неге өктем сөйлейсіз?»: Досаев қала тұрғындарымен кездесулерде болған жағдай туралы айтты

Әкім журналистердің сұрақтарына жауап берді

«Халықтың алдында неге өктем сөйлейсіз?»: Досаев қала тұрғындарымен кездесулерде болған жағдай туралы айтты
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда халықпен кездескен кезде неге өктем сөйлейсіз? Неге ұрсасыз? Бұл мемлекеттік қызметшіге тән қасиет пе? Бұл сұрақ бүгін Орталық коммуникациялар алаңында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа қойылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Шынымды айтсам, бұл сұрақ өткен жылдан бастап көтеріліп жатыр. Бірақ басында, бірінші кездесулерде халықпен жиналғанда эмоциялар көп болған еді. Ол кезде бес-алты сағатқа созылатын. Одан кейін халықтың алдында ұрсып жатқаным, керек болса ютубта бәрі жатыр ғой. Оның ішінде қай жерде кіммен ұрсысып жатырмын ба, жоқ па – көріп шығыңыздар. Халықты сыйлап, сұрақтарға не қылам», – дейді ол.

Досаев десе де «адекватты немесе адекваттан тыс» адамдар да кездесуге келетінін айтады.

«Даусын көтергеннен кейін мен де оларға халық жиналған соң шыдамды болуға шақырам. Уақыт-уақытымен. Біз де адамбыз. Елді, қала тұрғындарын сыйлаймын. Кездесулерден басқа қалаға шығамын, жүремін. Естімегеннен кейін біз де адамбыз. Осындай жұмыс кездесулерін өткіземін. Біз де бәріміз өзгереміз. Ескі ақпаратқа жаңадан қарадыңыз. Керек болса, кездесулерге келіп, тыңдаңыздар, көріңіздер. Ол жағынан еш лимит жоқ. Бәрі онлайн өтеді. Көріп отырсыздар»,– дейді ол.

«Бұрынғы қателігіңізді, халық алдында өктем сөйлегеніңізді мойындайсыз ғой?» деген сұраққа Досаев «қателіктер әр адамда болатынын, өзінде де барын» айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →