Азаматтарды банкрот деп тану қарызды кешіру акциясы емес. Бұл туралы елорда тұрғындарымен кездесуінде Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Банкроттық әр азаматтың еркімен жүзеге асады. Мысалы, үшінші жақтағы тұлғалар өзге адам үшін банкроттықты қозғай алмайды. Әр азаматтың өз еркі болуы керек. Себебі, банкроттық деген қарызды кешіру акциясы емес. Оны азаматтар түсінуі керек. Өйткені, оның заңмен реттелетін өзінің салдары бар. Банкрот деп танылған адамдар 5 жыл несие ала алмайды. Сонымен бірге 7 жыллдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп тануға жатпайды», - деп атап өтті Ержан Біржанов.
Оның мәліметінше, қазақстандықтар 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады.